Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері. Академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасында Республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды «Айғақ» телеарнасының тілшісі. Додаға еліміздің барлық аймағынан және Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген жас спортшылар қатысты.
Мардан Баймұрзаұлының ерекше еңбегі — жоғары білікті спортшыларды даярлау мен тәрбиелеуі болды. Ол 90-нан астам халықаралық деңгейдегі спорт шеберін, Кеңес Одағы, Қазақстан чемпиондарын, әлемдік біріншіліктер жүлдегерлерін дайындады, оның 48 тәрбиеленушісіне «ҚР еңбек сіңірген бапкері» атағы берілген.Бүгін осындай елге ерең еңбегімен танылған тұлғаны еске алып турнир өткізілді. Оған 3 мемлекет пен Республикамыздың барлық аймағынан 250 ге жуық спортшы қатысты.
Грек-рим күресі өңірімізде кеңінен насихатқа ие болып келеді. Спорттың бұл түрінен әлем және олимпиаданың жеңімпазы болған спортшыларымыз баршылық. Соның айғағы 2018 жылы Будапеште өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет қола медал, ал былтыр Монғолияда өткен Азия чемпионатында Алтынан алқа таққан болатын. Осындай жетістіктерімізді тілге тиек еткен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, спортшыларға сәттілік тіледі.
Мегаполисімізде бұқаралық спортты дамыту мен қатар, жоғары спорт шеберлігін одан әрі жетілдіру жұмыстары қолға алынған. Бұл ретте қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде . Сонымен қатар, жастарымызды байсалдылыққа, шыдамдылыққа, өзара қарсыластарын құрметтеуге, достық қатынасты қалыптастыруға зор септігін тигізуде.










