Сайлаудан мүмкіндігі шектеулі азаматтар шеткері қалмайды. Бұл жайында ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шымкенттегі семинар кеңесесте мәлімдед. Оның айтуынша ауқымды шарада барлық санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасалып, материалдық база толыққан.
КСМ: 20 қараша елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Оған дайындық жұмыстары республикамыздың әр өңірінде қарқынды жүргізілуде. Осы орайда мегаполисімізде де сайлау бойынша атқарылып жатқан оңді істер пысықталды. Оған ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысты.

Бүгінде шаһарымызда сайлаушылар саны 634 мыңнан асты. 311-ге жуық дауыс беру учаскесі ашылды. Тұрғындарды ақпараттандыру үшін алдағы аптада теле операторлар, елімідегі екінші деңгейлі банктер және телеграм боттар өз жұмысын бастайд. Сондай-ақ халықтың сұрақтарына жауап беру үшін арнайы колл-орталықтар іске қосылады.
Қазіргі таңда әрбір комисся мүшесі арнайы дайындық оқудан өткізілуде. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған. Яғни сурдо аударма, көру мүмкіндігі нашар жандарға прайл әріппен басылған трафареттер дайындалды.









