Ауаның ластану деңгейі шаһарымызда көтеріңкі деңгейде тұр.Бұл жайында қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ермахан Қозыбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. Он айда атқарылған жұмыстар барысын баяндаған спикер, тұрғындар тарапынан шағымның басым бөлігі индустриалады аймақта орналасқан кәсіпорындардан түсетінін жеткізді.

Бей бекет қоқыстың үйінділері қала экологиясына зардабын тигізіп, тұрғындар денсаулығына кері әсер етеді. Осындай жәйсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде мегаполисімізден 45 кординаттық нүкте анықталып, аудан әкімдіктеріне ұсынылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.
Шаһарымыздағы «Оңтүстік» және «Ордабасы» индустриалды аймақтары бойынша арыз шағымдар жиі түседі. Жыл басынан бері аталмыш өндіріс орындары аумағындағы 18 кәсіпорын тексеріліп, ол бойынша 36млн нан астм 42 әкімшілік айыппұл салынды.
Тексеру барысында анықталған негізгі құқық бұзушылықтар мынадай: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, қалдықтарды ауаға тастау, рұқсат етілмеген ластау көздерін пайдалану болып табылад. Бұл бойынша департамент тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп, құқық бұзушылықтар бойынша шаралар көрілді.-









