• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 18, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЫҰ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЖИЫНТЫҚ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 22%-ҒА ӨСІП, $51 МЛРД-ТЫ ҚҰРАДЫ

01.11.2022
0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл ҚР Үкіметі жұмысының басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте ұйымның қызметін одан әрі жетілдіруді жалғастыру қажет.

«Қазіргі кезде сауда кедергілерін жоюға және техникалық регламенттерді жақындастыруға көп көңіл бөлуіміз керек. Осындай практикалық қадамдардың бірі – Самарқан саммитінде қабылданған 2023-2025 жылдарға арналған аймақішілік сауданы дамыту жоспары», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, пандемия мен басқа да сын-қатерлерге қарамастан, ШЫҰ кеңістігінде дамудың айтарлықтай жоғары динамикасы сақталып отыр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4-тен 9%-ға дейін ұлғайды, ал Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ға өсіп, $51 млрд-ты құрады.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара сауданы қосымша ынталандыру үшін ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің мандаты шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттердің банктері мен даму институттарын сауда мәмілелері мен экспорттық операцияларды қаржыландыруға тарту маңызды екенін атап өтті. Ал, бұған дейін инвестициялар мен жоғары технологияларды тарту қажеттілігі айтылған болатын.

«Осыған байланысты ШЫҰ Технопарктері мен инновациялық кластерлер пулын құру тұжырымдамасын іске асыруға жүйелі тұрғыдан қарауға шақырамыз. Сондай-ақ ірі инвестициялық қорларды біріктіретін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығын құруды ұсынамыз. Оның жұмысында бизнес-ақпаратпен және үздік тәжірибелермен алмасуға, экономиканың негізгі салаларында көпжақты жобаларды қалыптастыруға басымдық беріледі», — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалана отырып, бұл іске үлес қосуға дайын. Мұнда маңызды қадам селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу болады. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, мемлекеттеріміздің ғылыми селекциялық орталықтарын кооперациялауға жол ашады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр күш-жігерді біріктіріп, перспективасы бар көлік-транзит дәліздерін дамытуға шақырды.

«Ақтау портының» Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей» бағытындағы торапқа айналуға әлеуеті зор. Қазіргі жағдайда Транскаспий көлік дәлізінің Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді. Осы бағыттың мүмкіндіктерін бірлесіп іске асыру жүктердің тұрақты көлемінің болуы мен үздіксіз тасымал көлемін қамтамасыз етеді», — деді ол.

Мәдени-гуманитарлық және экологиялық әріптестікті арттыруға тоқтала келе, Әлихан Смайылов өнер, дизайн, жарнама және басқа да креативті индустриялар салаларындағы жас таланттарды қолдау бойынша жетекші жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың пилоттық бағдарламасын әзірлеуді және ұйымның Экологиялық проблемаларының тізілімін қалыптастыруды ұсынды.

«Бүгінгі таңда географиясы кеңейіп келе жатқан ШЫҰ қарқынды дамып жатқан халықаралық платформа болып табылады. Ұйым алдағы онжылдықтарда өсуі мен дамуы әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналатын елдерді біріктіреді. Біздің елдеріміз жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, бір-біріне қолдау көресетуі керек. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шешімдер мен қол қойылған құжаттар біздің кооперациямызды тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар іс-шараға Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян, Үндістан сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкар, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Пәкістан сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері: Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Иранның  Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер және Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, сондай-ақ төрағалық етуші тараптың қонағы – Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамурат Гельдымурадов қатысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.