ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Айғақ» телеарнасының тілшісі.
Үшінші мегаполистегі бірқатар нысандарды аралау барысында, алдымен Солтүстік-Саяжай шағын ауданындағы инженерлік жүйелер құрылысының барысымен танысты.
Мұнан соң, Абай ауданында салынып жатқан «Стандарт» жеке индустриалды аймағына барды. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриалдық аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы метр қойма алаңдарын салу жоспарланған. Жалпы құны 30 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталған кезде 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады.
ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды...