• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ ДҮРІЛДЕП ӨТТІ

22.10.2022
0
Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мереке – Республика күніне орай 19-20 қазан күндері халықаралық «Voice of turan» қазақ әндері байқауы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Екі күні бойы әлем елдерінен келген қатысушылар қазақ әндерін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, сонымен қатар еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұлы Тұран даласын әнмен тербеген Халықаралық байқаудың бірінші күні шартараптан келген қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Екінші күні қатысушылар алдымен Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бірге орындады. Содан соң байқау талабы бойынша қазақтың танымал әндерін шырқап, қазылар алқасының бағасын алды. Әділ қазылар құрамында композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов (қазылар алқасы төрағасы), әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның, Татарстанның Халық әртісі «Құрмет» орденінің иегері Нұржамал Үсенбаева, әнші, композитор, продюсер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Медеу Арынбаев, әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Жанар Дұғалова, дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Айгүл Қосанова, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Бекжігіт Сердәлі бар.
Қазылар алқасының шешімімен Грузия елінен келген Татия Кобаладзе Гран-при иегері атанды. Ал 1-орын Татарстаннан келген Ильгиз Шайхразиевқа бұйырды. Жүлделі 2-орынды сербиялық Стефан Здравкович пен Польша әншісі Михал Качмарек иеленді. Үшінші орын Катарина Богичевич (Черногория), Христиана Данкова (Болгария), Навруза Махамаджановаға (Өзбекстан) бұйырды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар, ал Гран-при иегеріне арнайы статуэтка табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқау 2 рет онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Молдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Жобаның бас продюссері – Мейіржан Алиакбаров. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті байқаудың жабылу салтанатында ән шырқады. Бүгінде олар қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Айғақ медиа
06.02.2023
0

Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды...

БАЙҚОҢЫРДАН «ЭЛЕКТРО-Л» МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СПУТНИГІ ҰШЫРЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН «ЭЛЕКТРО-Л» МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СПУТНИГІ ҰШЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
06.02.2023
0

 5 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 12 минутта ДМ-03 үдеткіш блогі және «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Биылғы...

ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫНА КӨШУГЕ  ШАҚЫРДЫ

ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫНА КӨШУГЕ ШАҚЫРДЫ

Айғақ медиа
06.02.2023
0

Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және...

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 25 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 25 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ

Айғақ медиа
02.02.2023
0

 Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді. «Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы...

ТҮРКІСТАН МЕН КЕНТАУ ЖӘНЕ ҮШ АУДАННЫҢ КӨШЕЛЕРІ СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

ТҮРКІСТАН МЕН КЕНТАУ ЖӘНЕ ҮШ АУДАННЫҢ КӨШЕЛЕРІ СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
02.02.2023
0

🧊 2 ақпанда сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде Кентау...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ДЕНИСОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ДЕНИСОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
01.02.2023
0

Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына 2030 жылға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.