Шымкент қаласының су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу мен қайта құру жөніндегі инвестициялық бағдарламаға сәйкес
2022 жылы бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарланған 110 117,2 мың теңге қаржының орнына 113 436,786 мың теңге (103%) жұмсалды.

Жұмсалған қаржының 102 486,31 теңгесі ауызсу жүйесі саласына жаратылып, оның 86 322,112 мың теңгесі ескірген, өткізу қабілеті нашарлаған және ауызсудың сапасына әсер ететін су құбырларын ауыстыруға жұмсалды. Атап айтқанда аталған соммаға Қайтпас-1 мөлтек ауданы, Төлеметов-Бәйдібек би көшелерінің қиылысында кірпіш камераларының құрылысы арқылы диаметрі 500 мм-лік су құбырларын 300 мм-лік құбырларға ауыстыру, Достық мөлтек ауданындағы ұзындығы 5,2 шақырым диаметрі 160 мм-лік су құбырларын ауыстыру, Қазығұрт мөлтек ауданында 450 метр диаметрі 315 мм-лік су құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде нормативтік-техникалық шығындары 0,18 пайызға төмендетіліп, құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайтылды, халыққа сапалы ауызсуды қажетті көлемде, уақтылы жеткізіп беру бойынша қызметтердің көрсеткіштері жақсарды.









