• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕГАПОЛИС СПОРТШЫЛАРЫ 581 АЛТЫН МЕДАЛЬҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

12.10.2022
0

Спорт. Бір ғана сөз, бірақ оның мағынасы қандай! Спортпен шұғылдану – адамның физикалық дамуында берілген нәтижеге жетуге бағытталған адам қызметінің белгілі бір түрі.

Спорт дене шынықтырудың құрамдас бөлігі болып табылады, онда басты назар адамның физикалық дамуына, оның денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған. Кәсіби спорт — бұл спортшылардың физикалық белсенділікте белгілі бір нәтижеге жетуге, жеңіске жетуге және жаңа спорттық рекордтарға жетуге бағытталған бөлігі. Спорттық жарыстар, оның ішінде Олимпиадалар, чемпионаттар және турнирлер үздік спортшыларды шығарады. Әрине, әрбір спортшының арманы – Ежелгі Грекиядан бастау алған, кейіннен әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинаған әлемдегі ең ірі жарыс – Олимпиада ойындарында жеңіске жету. Жыл өткен сайын байрақты бәсекеде бақ сынау кең үрдіс алды. Тек қана Олимпиада ойындары ғана емес, салауатты өмір салтын жер шары бойынша қолдау тауып түрлі бәсекелік спорттық ойындар ұйымдастырылып жатты. Жеңімпаз болып табылған спортшылар өз елінің мәртебесін асқақтатты.

Сондықтан да спорттық шаралар өмірімізге тереңінен енді. Ғасырдан ғасырға, жылдан жылға спорттық ойындардың түрлері де спортпен шұғылданатын адамдардың да қатары артты. Әлемдік деңгейдегі мұндай үрдістен Шымкент қаласының бұқарасы мен кәсіби спортшылары тыс қалмады.

Жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрайды.

Шымкент қаласында бүгінде 34 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі болса, 5-уі мемлекеттік жекешелік-әріптестігі аясында өз жұмыстарын жүргізуде. Осы спорт мекемелерінде 17 944 спортшымен штаттағы 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 71 түрі дамытылады: 38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері.

Қаладағы спорттық инфрақұрылым мәселесі Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.

Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы Шымкентте қазіргі таңға 7 стадион бар. Жарты ғасырға жуық тарихы бар Металлургтер стадионы жаңа кейіпке енбек.  Өткен ғасырдың 50-шы жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін жөндеу көрмеген, қазір қайта жаңғыруда. Олардың барлығы біртіндеп күрделі және ағымдағы жөндеуден өтуде. Құрылыс барысын шаһар басшысы М.Әйтенов арнайы барып, жұмыстардың орындалу барысын тексерді.

Жоба бойынша мұнда әкімшілік-тұрмыстық корпус (АБК), спорт залдар, асхана, командалық ойындарға арналған спортзалдар, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, командалық киім ауыстыру бөлмесі, спорттық тренажерлер алаңшасы, ойындар алаңшасы, кешенде қолданылатын спорттық табло, сумен жабдықтау сорғысы, кәріз сорғы бекеті салынуда.

Аумағы 3 га аса жерді қамтитын нысанның құрылысы 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы 100 % аяқталды. Ал ойын түрлеріне арналған үлкен спорт залдың қаңқасы (конструкциясы) тұрғызылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде (50 %). Әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстары 90 %-ға орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Футбол алаңының жер жұмыстары (дренаж жұмыстары-70%) орындалды. Жылу жүйесін тарту жұмыстары 50%-ға орындалды. 2020 жылдың наурызында басталған, бүгінге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Стадион құрылысы келесі жылға өтпелі.

«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: жер төле қабырғасы 100 %-ға аяқталды. Ал үлкен спорт залдың қаңқасы көтеріліп, моналиттік регилдері мен бетон калонналары құйылуда (60 %). Инженерлік жүйелері құрылысы 70 % (су, электр т.б.), модульды жылу қазандық корпусы 100 % орындалды. Ішкі әрлеу жұмыстары 55% ға (сылақ, бояу жұмыстары) орындалған.

«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы»

Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, іргетасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары (40% аяқталды) жүргізілуде.

«Үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы»

Құрылыс «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 100% аяқталды. Құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде

«Жаңа ипподром құрылысы»

Құрылыс «BI Group» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтап, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Әкімшілік ғимарат қаңқасы тұрғызылып, іргетасы қаланды (100 %). Трибунаның шатыры орнатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жазғы атқора құрылысы 100 %-ға, қысқы атқораның құрылыс жұмыстары 80 %-ға аяқталды. Қазіргі уақытта, қысқы атқораның ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Ал конкур, көкпар, бәйге алаңы құрылысы – 90 %-ға (тегістеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы төсенішін төсеу жұмыстары жоспарлануда) орындалды. Ветеранарлық блоктың құрылысы 70 %-ға (нысан қабырғасы қаланып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде) аяқталса, инженерлік жүйе жұмыстары 30 %-ға орындалды. Қазіргі уақытта, жабық конкур манежінің құрылысы (жер жұмыстары, калонналырын тұрғызу жұмыстары аяқталып, ферма құрылысы басталды) жүргізілуде (25 %-ға орындалған).

«SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы

Орынбаев, Ғ.Иляев көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанда қарастырылған 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта, ангар ішіне қажетті жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар, қосымша ғимарат қабырғалары қаланып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

«TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Еңбекші ауданы, 12 мөлтек аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180)

Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айында өткізілген іс-шараларға тоқталып өтсек, әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 4350 спортшы қатысты. Қаламызда спорт түрлерінен 29 Қазақстан Республикасының чемпионаттары және 9 республикалық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 13800-ге жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Теннистен «ATP SHYMKENT CHALLENGER 80» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 20 мемлекеттен 60 спортшы қатысты.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 27 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға 17300 адам қамтылды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаламызда өткен бұқаралық-спорттық іс-шаралар айтар болсақ, ЖАСТАР ЛИГАСЫ (II-маусым)

Жастар лигасы жобасына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы біріншілікке спорттың төрт түрінен қаладағы 151 орта мектептен  6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Жеңімпаз 4 командаға су жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

Шахмат – Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі,

Баскетбол – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы,

Волейбол – Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беру мектебі,

Футбол – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы.

Қазіргі уақытта, Шымкент жастар лигасының ІІІ маусымының (2022-2023 ж.ж. оқу маусымы аралығында өткізеледі) ашылу рәсімі өткізіліп, спорт түрлері бойынша жарыстар ойын кестесіне сәйкес өткізілуде.

 

«Аула чемпионаты»

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қаламыздағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында (қалада жалпы- 346 алаңша бар) әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда.

Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, футбол қақпасына доп тебу, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін спорт алаңшаларда (әр ауданда орналасқан 32 алаңшада өткізілетін болады) жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.

 

«Қолжетімді спорт» жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты.

Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) іске асырылуда.

Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (Скандинавиялық жүріс, Үстел теннисі, Каратэ, Фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

 

«Tartyl fest» спорт фестивалі

Қаламызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді.

«Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты.

Қатысушылар арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да болды. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды.

 

«Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі

20 тамыз күні Орталық саябақта «Спорт күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі өтті. Іс шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және облыстың жас тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, спорттың брусьяда тартылу түріне қызығушылыған арттыру болып табылады.

Жарысқа Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, бақтарын сынады. Жалпы 357 адам тіркеліп, сайысқа түсті.

Жеңімпаздар 3 жас ерекшелігі бойынша анықталып, қаржылай сыйақымен марапатталды.

 

«Shymkent Marathon» бұқаралық-спорттық іс-шарасы

Шымкентте биыл 5-ші рет өткен жүгіру марафоны рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар. Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. 5, 10, 21, 42, скандинавиялық жүріс (5 км.)

 

Спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру.

Шымкент қаласында 2021 жылдың II-жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2021 жылы 439 млн. теңге қаржы бағытталып, 54 кәсіпкер 12474 баланы спортпен тұрақты шұғылдандырды.

2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 96 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, оң шешімін алды.

Қәзіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша (186 спорттық секцияда) жалпы саны 14 230 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. (спорт түрлері: баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, теннис).

Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы саны 414 адам.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2022 жылдың  9 айында жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ,

2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1415 медаль.

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізсе (жалпы 147 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға (жалпы 69 медаль) ие болды.

2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысып, Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды. Нәтижесінде қала әкімі Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 12-23 мамыр аралығында Нормандия қаласында /Франция/ өткен Дүниежүзілік гимназияда ойындарына 11 спорт түрінен 23 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылғы 13-15 мамыр күндері Мальграт-де-Мар қаласында өткен /Испания/ Еуропа чемпионаттарына комбат дзю-дзюцудан (фул контакт, клосс контакт) 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылдың Бирмингем қаласында /АҚШ/ өткен XI Дүниежүзілік ойындарына 3 спортшы қатысып, нәтижесінде Берульцева Софья каратэден 1-орынды жеңіп алса, құзға өрмелеуден Улжабаева Тамара мен каратэден Дархан Асадилов 7-ші орынды иеленді.

2022 жылдың 08-15 тамыз күндері Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарына қаламыздан 12 спортшы қатысып, нәтижесінде спортшыларымыз 5 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 38 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 216 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 324 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 416, жастар құрамасына 268, жасөспірімдер құрамасына 201 спортшымыз енген.

Қазіргі таңда 299 спортшыға ай сайынғы ақшалай жабдықталым (стипендия) төленеді.

Спорт тарихына аздап көз жүгіртетін болсақ, Орта ғасырларда дене шынықтыру ең қолайлы кезеңді басынан өткерген жоқ. Сол кезде қоғамда үстемдік еткен католиктік шіркеу денеге табынуға, демек, спортқа қатаң тыйым салған. Дегенмен, бұл кезеңде спорт толығымен жойылған жоқ.

Ерте орта ғасырларда да рыцарьлық турнирлер өткізіліп, онда рыцарлар өздерінің спорттық шеберлік деңгейін көрсетті. Жауынгерлер арасындағы жарыстар өте кең тараған – семсерлесу, садақ ату, жүзу, ұзындыққа секіру.

Дегенмен, барлық спорттық жарыстар адамның физикалық дамуы үшін емес, негізінен орта ғасырларда өте танымал болған көзілдірік үшін өткізілді.

Қайта өрлеу дәуірінде физикалық жарыс интеллектуалдық жарысқа ауыстырылды. Логикалық зияткерлік спорт түрлері кең таралған.

ХІХ ғасырдың аяғында Олимпиада ойындарын өткізу дәстүрі қайта жанданды. Бұл жарыстарға жаңа спорт түрлері енгізілді. 20 ғасырдағы спорттың дамуының шыңы соғыстан кейінгі кезеңде болды. Дәл сол кезде жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектептері ашыла бастады.

Спорт бізді туғаннан бастап, балабақшада, мектепте, колледжде қоршап алады. Көбісі бұл мамандықты таңдайды. Бұған спорт пен спорттық өмір салтының орасан зор және үнемі өсіп келе жатқан танымалдығы айтарлықтай ықпал етеді.

Спорттың артықшылығы – онымен айналысатын адамдар шетте, кейде адам мүмкіндігінен тыс жұмыс істейді. Нәтижесінде бізде спортта физикалық ғана емес психологиялық тұрғыда өте мықты тұлғалар бар.

Спортпен шұғылдану өте маңызды, өйткені ол дене қасиеттерін дамытып, тәртіпке үйретеді. Спортта сіз уақытты дұрыс бөлуді, күн тәртібін құруды және дұрыс тамақтануды үйренесіз, өйткені онсыз нәтижеге жету қиын.

Спорт – денсаулық! Спорт — бұл өмір! Спорт әдемі, табысты, ең бастысы дені сау болғысы келетін әрбір адамға қажет. Олай болса, ұзақ өмір сүріп, денеңізді шымыр ұстағыңыз келсе спортпен шұғылданыңыз!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН САЗГЕРЕ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі 60 жасқа толды. Мерейтойына орай үшінші...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.