• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТІҢ ИНФРАҚҰРЫМЫ МӘСЕЛЕСІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ НАЗАРЫНДА

05.10.2022
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Шымкент қаласына кейіннен қосылған елді мекендердегі инфрақұрылым мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырған еді.

Президент бұл кездесуге дейін де талай рет осы инфрақұрылым мәселесін назардан тыс қалдырмау керектігін айтқан болатын. Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елдімекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстыры бүгінде қарқын алған.

Инфрақұрылым — бұл тұтастай кез келген жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қызмет ететін өзара байланысты құрылымдардың, салалардың немесе объектілердің жиынтығына сілтеме жасау үшін қолданылатын термин. Әлеуметтік, көліктік, инженерлік, ақпараттық, әскери, нарықтық инфрақұрылымды, экономиканың инфрақұрылымын ажырату, сондай-ақ ашық кілттік инфрақұрылымдарды, электр көліктерін зарядтау, артықшылықтарды басқару. Соның ішінде ең маңыздысы халық үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым.

Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл халықтың қалыпты өмір сүруін функционалды түрде қамтамасыз ететін өндірістер мен кәсіпорындардың жиынтығы. Яғни, бұл адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмір сүрудің қажетті деңгейі мен сапасына кепілдік беруге, халық шаруашылығының барлық салалары үшін адам ресурстары мен кәсіби дайындалған кадрлардың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге арналған қызмет көрсету салалары мен қызмет түрлерінің тобы.

Бүгін қала басшысы М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын тексерді.

Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым  Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шқ құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды.

Қала әкімі, жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары  Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Президент тапсырмасын жүзеге асу мақсатында М.Әйтенов Құрсай шағын ауданы  инфрақұрылым жұмыстарының құрылыс барысын тексерді. Мемлекет басшысы «Соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды, сол себепті инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыру қажеттігі туындады. Осы мақсатқа 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде ауыз су, электр қуаты және газ мәселесі біршама реттелді. Жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі. Келесі жылы қала орталығынан шалғай орналасқан 2 елді-мекеннің су мәселесін толық шешуді тапсырамын» деп айтты мегаполис жұртшылығымен кездесу барысында.

7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылуда.

1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылып, бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайды, құрылыс жұмыстарының 92% орындалды. Қараша айында

3 436 абонент, немесе жыл соңына дейін барлығы 41 680 тұрғын таза суға қол жеткізетін болады.

Құрсай шағын ауданы электр жарығымен 100% қамтылған. Дегенмен қуат көзінің сапасын арттыру мақсатында 110/35/10 кв электр желілерін тарату станциясының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, тағы 600 үй сапалы электр жарығына қосылады.

Бірінші талаптың сапа, одан соң әр істің мерзімінен кешіктірілмей ел игілігіне берілуіне тоқталған қала басшысы, іске жауапкершілікпен қарауды еске салды.

Бұдан бөлек, 2021 жылы Құрсай шағын ауданын сапалы интернетпен қамту мақсатында мобильді операторлармен базалық станция орнату үшін тиісті келісімдер жасалынған болатын. Бүгінге дейін, Құрсай шағын ауданына «Кар-Тел» компаниясы тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы Жылысай көше маңына базалық станция орнатылды.

Сонымен қатар жеке инвестормен келісім жасасып, №49 мектептің маңына антенна-матчталық құрылғы орнатылды. Бүгінде аталған құрылғыға мобильді байланыс операторларының базалық станциясын қондыру ғана қалды. Тиісті жұмыстар 1 ай көлемінде атқарылса, шағын аудан сапалы интернетпен қамтылады. Одан бөлек шағын ауданды жеке инвестор қаражаты есебінен талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары да жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан шағын ауданды сапалы интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынған.

Кешегі күнге дейін тұрғын үй-жайларды сатып алушылар көбінесе тұрғын үйдің орналасқан жері, тұрғын үйдің түрі, бөлмелер саны, пәтердің ауданы, коммуналдық және санитарлық-техникалық құралдардың болуы сияқты негізгі сипаттамаларына назар аударды. Бүгінгі таңда тенденция өзгеруде, тұрғын үйлердің экологиялық сипаттамаларына көбірек көңіл бөлінеді.

Мемлекет жүргізіп отырған тұрғын үй саясатында, оның ішінде эконом-класс сегментінде жаппай тұрғын үй құрылысының мемлекеттік мақсатты бағдарламаларын іске асыруда аумақтарды дамытудың кешенді тәсілі басымдыққа айналды. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысы аумақтарын тіпті ең аз қажетті инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету және іргелес аумақтарды абаттандыру олардың тартымдылығын және өмір сүру ортасының сапасын айтарлықтай арттырады.

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Бұған дейін № 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.

Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын тексеріп, оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты № 13,14,15,16 тұрғын үйлер құрылысы мен аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде бітуін талап етті.

-Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,-деді М. Әйтенов.

Сондай-ақ, қала басшысы «Тұран» шағын ауданындағы биыл берілетін тұрғын үйлер мен оған қатысты инфрақұрылым жүйелерінің сапасын тексеріп шықты.

Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар негізінде шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ құрған болатын. Осылайша, кәсіби «технадзор»-лардан бөлек, Мұрат Әйтенов жұмыс тобымен аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым жүйелерінің жұмыс сапасын бақылауға алған.

Баспанадағы ақауларды анықтауға зерделеу жұмысын жасайтын арнайы топ жүргізген бақылаулар нәтижесінде 230-дан астам пәтерде ақаулықтарды анықтап, кемшіліктің 85% мердігер мекеме тарапынан жойылды.

«Шымкентте тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 48 623 азамат тізімге тіркелген болса, оның 1819-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 186-сы көпбалалы отбасы, ал 16 957-сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатында, бұл тізімде сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер де бар. Бұл кісілер ертерек өз баспанасына қол жеткізуі үшін сіздер жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындап бітуге тиіссіздер»,-деді қала басшысы.

Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың 88-95% орындалған.

Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында болса бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.

Мұнда 1,4 шқ электр желісі, 1,2 шқ газ, 1,3 шқ ауыз су құбырлары, 0,8 шқ кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады.

Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді.

Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.