• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯ – АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ, ДАРИЯ

05.10.2022
0

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Бүгінде республикада 2 миллионнан астам жасы  зейнет жасындағы азамттар тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жүйелі шараларды жүзеге асырады. Жыл сайын олардың зейнетақысы ұлғайтылып тұрады.

Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

Ахметова Райса Райымбекқызы Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған. Ұзақ жылдар халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері.

Құттықтау легі «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Гулужиган Байгаринаның отбасында жалғасты.  Еңбек ардагерін  мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы Гулужиган  Абдулажанқызына да зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тілеп, үйдің отағасы — Шәміл атаға шапан жапты.

Байгарина Гулужиган Абдулажановна 1937 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын тігін маманынан бастап, 1975-1987 ж.ж. «Восход» тігін бірлестігінің бас инженері кейін бас директоры болады. Ал 1991 жылы «Восход» ААҚ ШФ Президенті болып тағайындалып, осы саланың дамуына зор үлес қосады. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып, оған Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытқаны үшін «Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.

Өз кезегінде ардагерлер де құрмет көрсетіп, кішілік ізетін жасаған шаһар басшысына алғысын жаудырып, қазақстандықтар үшін бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Мереке қарсаңында сондай-ақ, мегаполисте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды. “Халықаралық қарттар күніне” орай ашылған нысанның ресми салтанатына шаһар басшысы М.Әйтенов қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Қала әкімі құттықтау сөзінде жылы лебізімен қатар, қарттарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын және бұл бағыттағы жұмыстар Президент саясатындағы басым рөл атқаратын бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Жаңадан ашылған бөлімше Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жартылай стационарлық жағдайда екі ауысым бойынша 140 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мұнда дәрігерлік тексеруден өтіп қана қоймай, ART терапия, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру сияқты сауықтыру шараларынан өтеді. Сонымен қоса бос уақытты ұйымдастыруға арналған бильярд,теннис, садақ ату, бассейн, массаж, тренажерлық қызмет түрлері де қарастырылған. Жалғызілікті жандарға арналған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

“Белсенді ұзақ өмір”орталығының бөлімшелері қаладағы 4 ауданның үшеуінде Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында ашылған. Абай ауданы бойынша тағы бір бөлімшенің лентасы келесі жылы қиылатын болады.

Мереке жылдағы дәстүрге сай «Миллионер» мейрамханасында қарттарға арнап жайылған дастарханда жалғасты. Арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән-күйден шашу шашылды. Қала әкімінің сыйлықтары табысталды.

Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды.

Шаһар басшысы  М.Әйтенов атаулы мерекеде ел үшін еткен еселі еңбектерінің арқасында аймағымыздың айтулы тұлғаларына айналған Исмат Тұрсынқұлұлына, Өстемір Тілегенұлына, Алданазар Құрманбаевқа, Әбілқасым Досболовқа, Досыбай Шерімқұловқа “Құрметті ардагер”, Болатхан Ермекбаевқа “Құрметті құрылысшы” атағын, ал Ұлықпан Башенов, Асылбек Тоқмағанбетов, Бастарбек Байжановқа “Құрмет белгісі” төсбелгілерін табыстады.

“Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаю жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіздің арқасында, ал бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі деп білемін.

«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған.

Сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Табанды еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізге бас иеміз”,-деді қала әкімі М.Әйтенов.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 84 844 зейнеткер, соның ішінде 5 ҰОС ардагер, 2390 тыл еңбеккерлері бар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.