Шымкентте шетелдік туроператорлар мен блогерлерге арналған ақпараттық тур өтуде. Ауқымды шараға көрші мемлекеттен 25 ке жуық саяхатшы келген.Олар қаламыздың көрікті жерлерін аралап, шаһар жұртшылығының қонақжайлығына дән риза.
27-қыркүйек бүкіл әлемдік туризім күні. Айтулы күннің мақсаты -әр елдегі халықтармен байланыс орнату арқылы туризм саласының әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызын арттыру болып табылады. Қазақстан туризм күнін сонау 1993 жылдан бері тойлап келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын. Одан бері де атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижеінде бүгінде алыс-жақын мемлекеттерден ағылып келетін саяхатышылардың саны артпаса кемімек емес.Жыл басынан бері шырайлы шаһарымызға 3-мыңға жуық турист келген. Соның арқасында қазынаға 18 млрд теңге түсім түскен.










