• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ТАПСЫРҒАНДАР САНЫ 3 ЕСЕГЕ АРТҚАН

28.09.2022
0

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы брифинг берді.

«2022 жылы магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға 65 мемлекеттік қызметші құжат тапсырды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп болды, себебі биыл оқуға қабылдау талаптарынан ағылшын тілін оқығандығы жөніндегі білімі туралы сертификат тапсыру алынып тасталынды. Қатаң конкурстық іріктеу нәтижесінде, 65 үміткердің ішінен оқуға тек 4 мемлекеттік қызметші қабылданды.

Оқытудан өткен мемлекеттік қызметшілермен кері байланысты күшейту мақсатында Филиал қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарлар бағдарламаларының сапасын жоғарылату мен мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыратын құзыреттерді дамытуға қайта бағдарлау мақсатында постмониторинг жүргізіліп отырады»,- деді филиал басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 Қаулысына сәйкес және мемлекеттік қызметшілердің сараланатын, негізгі құзыреттерінің бірыңғай шеңберіне негізделген, тәжірибеге бағдарланған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырады.

Мекеменің ағымдағы жылғы 8 айында атқарған жұмыстарына тоқталған спикер, филиал базасында жыл басынан бері 481 адамның 5 қайта даярлау курстары мен 19 семинарда оқытылуы жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін нақты 660 мемлекеттік қызметшілер 31 біліктілікті арттыру семинарлары мен  5 қайта даярлау курстарынан өткен. Өз кезегінде қаламыздың мемлекеттік және әкімшілік лауазымды қызметкерлері жоғары білікті кәсіби маман ретінде қалыптасып, алған білімдерінің арқасында өз саласында жоғары құзыреттілігі бар маман болуына, сондай-ақ, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы органдардан 56 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды, оның 26-ы сертификациядан табысты өтті.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін 4 қайта даярлау курстарында 95 тыңдаушылардың стратегиялық ойлауы мен болашақ құзыреттіліктерін көтеруге,  тиімді коммуникациялық дағдыларын арттыруға және өңірлік компоненттерге басымдық береді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған 16 мемлекеттік қызметшілерге арналған 1 қайта даярлау курстарында лауазымды тұлғалардың стратегиялық менеджмент және көшбасшылық тұрғыдан, жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару,  тиімді коммуникациялық құзыреттіліктері мен өңірлік компоненттер сүйене отырып оқыту бағдарламасы құралады.

Дәрістерді филиалымыздың білікті профессорлары мен доценттері және арнайы конкурстан өткен тренерлер өткізеді.

Филиалда сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға  ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Академияның Шымкент қаласындағы филиалы 2022 жылға магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау туралы жұмысын кешенді түрде ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе Шымкент қаласы әкімінің аппаратына, әкімдіктің 22 басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне, орталық мемлекеттік органдарының аймақтық департамент қызметшілеріне 1 наурыз бен 23 шілде аралығында  ақпараттық сессиялар, «Ашық есік» іс-шаралары, тікелей эфир, академияның түлектерімен және магистранттарымен кездесулер өткізілді.

Бұдан басқа, академияның магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау ережелері туралы БАҚ-да мақала жарияланып, филиалдың сайтында және әлеуметтік парақшаларында оқуға түсу ережелерін орналастыру жүйелі түрде жүргізілді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.