• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВТЫҢ БАӘ-ГЕ РЕСМИ САПАРЫ: $900 МЛН БОЛАТЫН КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

20.09.2022
0

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. 

Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т. б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды.

Әлихан Смайылов «Mubadala» тобының бас атқарушы директоры Мусаббих әл-Каабимен кездесті. «Mubadala» – бағалау активтері $285 млрд-ты құрайтын және тәуелсіз қорлардың әлемдік рейтингісінде 13-ші орынға ие мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компания.

Премьер-Министр ҚР Үкіметі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

«Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені салаларында әлеуетіміз зор. Бұл тұрғыда әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, арнайы әзірленген жаңа жобаларды іске асыруға қатысуды ұсынамын», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) белсенді дамып келеді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен оның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде Каспий теңізінің жағалауында кеме жасау зауытын салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Премьер-Министр ауыл шаруашылығы, энергетика және банк секторында бірлескен жобаларды іске қосу перспективаларын атап өтті.

«Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды әрі қарай жақсартады. Әлемдегі дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 54%-ға өсіп, $6,8 млрд-ты құрады», — деп атап көрсеткен Әлихан Смайылов шетелдік серіктестерді ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде Мусаббих әл-Кааби «Mubadala» компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырып жатқанын айтты. Атап айтқанда, жасыл энергетика, қаржы, тау-кен металлургиясы, мұнай және газ салаларында ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда.

Сонымен қатар Премьер-Министр «ADQ» компаниясының басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді. «ADQ» – 90-нан астам компанияға тікелей және жанама инвестициялар құйған өңірдегі ірі холдинг компаниялардың бірі.

«Бұл холдингтің қызмет саласы өте ауқымды, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды. Олардың барлығы біз үшін басым бағыттар», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі АӨК саласында $100 млн-ды құрайтын әлеуетті жобалардың тізімін жасады. Осыған байланысты Премьер-Министр «ADQ» басшылығына оларды іске асыруға, соның ішінде қант индустриясын дамытуға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Әлем бойынша азық-түлік бағасының өсуі байқалып отырғанда, мұндай жобалардың маңызы ерекше», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Сувейди ұсынылған мүмкіндіктер үшін қазақстандық делегацияға алғысын білдіріп, фармацевтика саласына, азық-түлік тауарларын өндіруге, логистикалық бағыттарды дамытуға және жаңартылатын энергетикаға ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов «Ayana Holding» компаниясының төрағасы Абдулла бен Лахеджбен кездесті, онда құрылыс саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы $900 млн болатын бірқатар екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде:

  • «Citix» ЖШС мен «The Gulf Foundation» арасындағы БАӘ-де инновациялық және IT-шешімдерді құру жобасын іске асыруға «SmartCity&Adtech» кешенді шешімі туралы келісімшарт;
  • Астана қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша «BI Group»  және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Ақтөбе қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша «Эрудит Бизнес» ЖШС және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «KazakhAgroExport» ЖШС және «Health Plus General Trading LLC»  арасындағы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;
  • «Оптоград»  ЖШС мен «Laser Meat Trading Est» арасындағы БАӘ-ге қой етін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;
  • «ҚазСтандарт» РМК және «GulfTIC» арасындағы Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін қазақстандық өнімді сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және т.б құжаттар.

ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.