Президентіміз Қ. Тоқаевтың бірінші қыркүйектегі жолдауы бойынша пікіралмасу жиыны өтті. Оған қаламыздың орта және шағын бизнес өкілдерінің кәсіпкерлері қатысып, өз ұсыныс, пікірлерін айтты.
Осыдан төрт күн бұрын еліміз елеулі өзгерістерге аяқ басты. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын халық назарына ұсынды. Басымдық экономикалық өзгерістерге ұласуы керек деген президент қоғамда әділеттілік орнайды деп баса айтты. Бүгінде еліміздің әр өңірінде жолдаудың мән-маңызы қаузалып жатыр. Бұл бастама Шымкентте де өз жалғасын тапты.









