• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ҚАЗАН МЕН АСТРАХАНЬДА ӨТТІ

14.09.2022
0

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар Астрахань мемлекеттік опера және балет театрында үлкен мерекелік концертпен басталып, басқа қалаларда жалғасты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуелі 7 қыркүйекте «Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі» аясында қазақстандық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды, онда режиссер Юлия Захарованың «Тарлан» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл картина Ғалымжан Ибрагимовтың «Алмачуар» повесінің желісімен түсірілген «Татаркино» және Almapictures бірлескен жобасы.

Байқауға сондай-ақ режиссер Адай Әбелдиновтің толықметражды тарихи анимациялық «Күлтегін» фильмі ұсынылды. Таспа көптеген көшпелі этностарды бір тудың астына біріктірген Түркі қағанатының белгілі әскери қолбасшысы Күлтегіннің жас кезі туралы баяндайды. Фестиваль аясында Гүлнәр Сәрсенова мен Вахтанга Хубутияның Владимир Куниннің аттас кітабына негізделген «Орыстар Мариенплацта» атты драмалық фильмі де көрсетілді.

Британдық кинорежиссер және сценарист Джесси Джонсонның «Аве Мария» фильмін Қазанда продюсер Еркен Ялгашев таныстырды. Қазандық көрермен үшін тағы бір тарту — Generation14Plus бағдарламасында Берлин кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алған Фархат Шәріповтың «Схема» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл сенсациялық «18 килогерц» фильм трилогиясының екінші бөлімі.

Сол сияқты Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасы өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Қазақстанның халық артистері Секен Тұрысбеков, Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Батыржан Мықтыбаев және басқа да еліміздің танымал әншілері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Концерт басталар алдында Елабуга мемлекеттік тарихи-сәулет және сәулет өнері қорынан алынған қазақстандық суретшілердің сурет көрмесі ұйымдастырылды.

 

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ.

Next Post

МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.