Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов денешынықтыру және спорт басқармасының 1-жартыжылдық есебін тыңдады. Басқарма басшысы Б.Тұманбаев шымкенттік спортшылардың жетістіктері мен алдағы жоспарларды баяндады.
Биыл алты ай қорытындысымен, 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың бұқаралығының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді.
Қала спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында қала спортшылары 39 алтын, 18 күміс және 24 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 28 алтын, 15 күміс және 8 қола медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназия ойындарында 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Европа чемпионаттарында 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңді.
Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық қозғалыс (резонанс) туғызады және қандай мектепте спорттың даму деңгейі, халықаралық жарыстарға қатысуы жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер көпшіліктің әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысты. Нәтижесінде Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды.
Бұқаралық спортты дамыту – болашағымыз үшін, оның ішінде, жастарымыз үшін өте маңызды. Себебі бүгінде еліміздің абыройын көтеріп жүрген Олимпиада және әлем чемпиондары бұқаралық спорттан шықты. Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз. Сондықтан спорт нұсқаушыларының жалақысын көтеру, олардың жұмыстарын ұйымдастыру.
Қала басшысы олимпиада резервін даярлайтын мектептердің жұмысын қолға алуды, бұқаралық спортты дамытуда түсіндіру, жан-жақты ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.