Жуырда бес жүге жуық отбасы шаңырақ шаттығына кенелгелі отыр. Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде тұрғын үйлердің инженерлік желілері 75 пайыз, лифт – 10 пайыз, ішкі әрлеу 95 пайызға, сыртқы әрлеуі 90 пайыз жұмыстары аяқталған.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады.
№1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдар-100%, ішкі әрлеу-95%, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ)-95%, лифт-99%, дәліз периласы-90%, балкон есіктері мен терезелері-80%, қасбет-90% жұмыстары аяқталған.
Ал, №4 үйдің темірбетон бұйымдар-90%, ішкі әрлеу-85%, линолеум-70%, обой-75%, кафель-75%, инженерлік жүйе -85%, лифт-90%, дәліз периласы-5%, балкон есіктері мен терезелері-60%, қасбет-80% жұмыстар жалғасуда.
Құрылыс жұмыстарының барысын қадағалаған қала әкімі құрылысты осы айдан кешіктірмей аяқтауды және абаттандыру жұмыстарында орын алған олқылықтарды реттеуге тапсырма берді.
Өткен жылы Шымкент шаһарында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланған. Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы кезінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлаған болатын.
Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жылы жөндеу жүргізілуде. «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 100% енгізілді», — деді қала басшысы.
Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейт Рабаев «Айғақ» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. Шымкент қаласында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биылғы жылы 2972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр».
Шымкент қаласында жыл басынан бері жасалаған жұмыстарды сараласақ. Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 аренделық тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша 15 нысан(Тұран ш/а 5 жоба, Бозарық ш/а 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап т/а 2 жоба) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның ( 4спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрлысын биылғы жылы аяқталу көзделіп отыр. Сондай ақ, 8мектеп құрылысы, 1 колледж, 1оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының бесінші бастамасында «Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады.
Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес.
Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады.
Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді.
Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр.
Мен бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айттым.
Сондай-ақ, бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашты.
Осы қолдау үшін зейнетақ жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын.
Сонымен қатар, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді» деп қарапайым халықтың баспаналы болудың тетіктері туралы нақты тапсырмалар берді.
Шымкент — елімізде халық саны тығыз орналасқан қалардың бір. Сонымен қатар, ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент көш бастап тұр. Бұл әрине қуантарлық жайт, дегенмен халықтың көптігіне байланысты орын алып жатқан мәселелері де бар. Осы тұста миллионды халқы бар, қала атанған шаһарда шешімін таппаған мәселелері де бар.Соның бірі, тұрғын үй мәселесі. Түйіткілді мәселені шешу барысында, мемлекеттік бағдарламалар ды жүргізу қолға алынған. Тіпті тұрғындарға қолайлы болу үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Отбасы банкі өз жұмысын Шымкент шаһарында да жасап келеді. Бүгінде талай тұрғынды өз бағдарламалары бойынша баспанамен қамтып отыр. 01.07.2022 жылғы есебі бойынша салымшылардың жинағы 1 890 млрд. теңгені құрайды. Банкке мемлекеттік бюджеттен және ұлттық қордан 633 млрд теңге сомасында кредиттік қаржы бөлінген, 01.07.2022 жылғы жағдай бойынша, бөлінген қаражаттың 563 млрд теңгесі игерілген.
Банкте қазір «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушыларына алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшін 363 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.
Одан бөлек “Бақытты отбасы”, “Өз үйім” “7-20-25” бағдарламалары да жүргізіліп келеді.
Егер қаламызда пәтер бағасы қымбаттай бастаса, баспанаға сұраныс бар деген сөз. Сұраныстың болуы – өндірісті өңірдің, облыс орталығының өзіндік бір тұрақты тыныс-тіршілігінен хабар береді.
Жалпы қалада бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің сапасы М.Әйтеновтың басты назарында. Өткен аптада қала басшысы Тұран шағын ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, көшпелі жиын өткізді. Онда пайдалануға берілген үйлердің кемшіліктері бойынша өзекті мәселелер тұрғындармен бірге талқыланып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Шағын ауданда өткен жылы 27 үй пайдалануға берілсе, биыл 41 үй құрылысы жүруде. М.Әйтенов әрбір кемшілік бойынша мердігерлерге қатаң ескерту жасап, тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Табиғи газ бойынша — 5 тұрғын үй қосылған, қалған 20 үйдің қамтылуы қыркүйекке дейін жоспарланған. Ал, абаттандыру жұмыстарына сәйкес газондардың су жүйесі реттеліп, кіші архитектуралық формалар қойылмақ.