Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА
    Айғақ TV

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.07.2022Updated:23.07.2022Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

        Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ведомство жұмысының басым бағыттары туралы хабардар ете отырып, А.Гиният жаңа медициналық бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар салуды, ФАП-тарды кеңейтуді көздейтін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба жайлы жеткізді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендері дамытуға бағытталмақ.

        Жоба аясында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі артып, олардың базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ, бұл жоба ауыл тұрғындары үшін кәсіби тексерулерді кеңейтуді, медицина кадрларын даярлауды көздейді. Ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі арттырылатын болады, деді министр. Аудандық ауруханалар базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия, травматология, медициналық оңалту бөлімшелері ашылады. Министр дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасына тоқталып өтті. Қазір ол Парламентте қаралуда.

        «Аталған заң жобасы адам денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тетігі арқылы емделушінің мүддесін қорғауға бағытталған, сондай — ақ бұл нормалар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді, дәрігерлердің мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді», — деді А.Гиният.

       Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған бастамалар бойынша қолдау білдіріп, жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын іске асыру, медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуін қолдау, пайдалануға берілетін нысандарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарларын атап өтті.

       Түркістан облысына жұмыс сапары барысында министр жаңадан бой көтерген жедел медициналық жәрдем станциясымен танысып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында болды. Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығының жұмысын көріп, өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті. Түркістандықтармен есеп беру кездесуін өткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.