Бүгінде еліміз өркениетті даму жолына түскен шақта қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Оның ішінде ең маңыздысы әлеуметтік саладағы саясат болып отыр. Өйткені, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысына түсіп отырады.
Адамның денсаулығын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар – халықтың әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында алғаш рет халық үшін оңды бастама қолға алынды. Қарапайым халықтың қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде түрлі бағдарламалар қабылданды. Мұндай игілікті істен еліміздің үшінші мегаполисі де тысқары қалмады. Оншақты жылдан бері еліміздің үшінші қаласында түрлі тиімді бағдарламамен көп отбасылар шаңырақтың шаттығына бөленді.
Аптаның алғашқы күні де Шымкент қаласындағы 90 отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды. Көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілді.
«Тұран» және «Нұрсат» шағын аудандарында орналасқан пәтерлердің 37-і көпбалалы отбасыларға, 36-ы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 17-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға тапсырылды.
Жаңа қоныстанушыларды баспанамен қала әкімінің орынбасары М.Исахов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов арнайы барып құттықтап, пәтер кілтін табыстады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Көп балалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың барометрі» екенін айтып, көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында пәтерлер беруді тапсырған. Осыған орай қалада арендалық 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы биыл 1605 отбасыны әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған болса, осы жылдың сәуір – мамыр айларында түрлі санаттағы 83 отбасыға пәтер табысталған болатын.
Бұдан бөлек, «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл 1524 азаматты несиелік тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде. Жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысушылар үшін әлеуметтік көмек ретінде Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
Одан бөлек, мегаполисте «Бақытты отбасы 2-10-20» бағдарламасы бойынша биыл әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 449 орын бөлінді. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мен «Отбасы банк» АҚ, Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев пен филиал директорының орынбасары Нұрлан Сұлтанов Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында берген сұхбатында айтты.
«2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) 449 отбасына лимит бөлінді. Аталған бағыт бойынша өтінімдер қабылдау 20 маусым мен 19 шілде күндері аралығында «Отбасы банк» АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылуда», — деді қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ж.Утебаева.
2021 жылғы Өңірлерге берілген лимит көлеміне сәйкес – 589 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамту жоспарланып (көпбалалы отбасылар – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар – 49), бүгінгі таңға, 363 отбасы (көпбалалы отбасылар – 173, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 160, толық емес отбасылар – 30) несие негізінде тұрғын жаймен қамтылған. Аталған бағдарлама қатысушыларына әлеуметтік көмек ретінде алғашқы жарнаны жабуға қайтарымсыз негізде биылда 500 азаматқа 1млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты қарастырылып отырғандығын мәжіліс барысында атап өтті.
Сондай-ақ «Отбасы банкі» АҚ, Шымкент қалалық филалының жетекшілері: «Отбасы банкі» арқылы тұрмысы төмен отбасыларға — жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген көп балалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады»,-деді.
Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Қазіргі таңда тұрғын үй басқармасымен «Отбасы банк» АҚ арасында келісім шарт түзілуде. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды.
Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс
Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс. Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады. Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын алушы өз бетінше төлейді. Оператор болып «Отбасы Банкі» анықталды.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
— қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
— тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды;
Мемлекеттен тұрғын үйге мұқтаж алайда әзірге ие бола алмай, пәтер жалдап тұрған тұрғындар үшін де тиімді ұсыныстар енгізілген. Мемелкте басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап түрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша Шымкенттен баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс. Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады. Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын алушы өз бетінше төлейді. Оператор болып «Отбасы Банкі» анықталды.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
4) Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында және кейбір өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру жоспарланған. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар «Отбасы банк»АҚ-ға жүгіне алады.













