• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЛАУАТТЫ  ҰРПАҚ – ҰЛТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

20.07.2022
0

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Балаларды қолдау бағытында үшінші мегаполисте әсіресе, биыл көптеген жұмыстар атқарылуда. Білім, денсаулық, мәдени-спорттық шаралар өскелең ұрпақтың болашығына айырықша әсер ететін жоспарлармен қамтылған. Әрбір сала бойынша нақты шаралар тізбесі бекітіліп, жүзеге асуда. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  «Дені сау бала» бағытында баланы дамыту үшін 39 кабинет жұмыс істейді. Себебі, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі.

Бұл туралы бүгін №6 қалалық емханада өткен Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың көшпелі брифингі барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы И.Глазебная мәлімдеді.

Мемлекет басшысы балаларды қолдау жылы  «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші  кезекте  билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек деген болатын. Үшінші мегаполистегі жауапты мамандар Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында баланың денсаулығына қатысты нақты шаралар қабылдап жүзеге асыруда. Бала біздің болашағымыз екенін ескерсек, олардың денсаулығы елдің ертеңінің дамуына ықпалы зор. Мемлекеттің байлығы халықтың денсаулығымен өлшенеді десек, дені сау ұрпақ өсіру біздің басты міндетіміз.

Тәжірибелі медицина қызметкерлері ерте жастағы балаларға проактивті скринингтер жүргізеді, ата-аналарды бала күтіміне, емшек сүтіне, қосымша тағамдарды енгізуге үйретеді.

Жалпы балалардың, мүгедек балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін 7 кейс бойынша жұмыс жасалуда. Бұл жобаға меншік нысанына қарамастан, қаланың барлық медициналық ұйымдары қатысып отыр.

Атап айтқанда, «Арман жолы» кейсінде 2022 жылдың 6 айында 3773 бала оңалтудан өтті, өткен 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 29,7%-ға көп (2021ж.6 ай — 2908 бала).

Оңалтудан өткен балалардың 1 891-і немесе 50,1% мүгедек балалар (2021ж. 6 ай — 920 бала, 31,6%).

«Оқушы денсаулығы» бойынша қала мектептерінде 140 медициналық пункті жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының профилактикалық тексеруге жататын 225 737 баланың 146 729-ы, яғни 65% тексеруден өтті, жасына сәйкес иммундаумен 33% (жоспар 30-33,2%) қамтылған.

Қалада «Ерте анықтау-табыс кепілі» бағытында 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту 2022 жылға жоспарланған 86%-ң орнына нақты проактивті скринингтен 76039 жататын балалардың 64245-і өтті, бұл 84,5%- ды құрады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 оңалту орталығында, Шымкент қаласының басқа да медициналық ұйымдарында халықаралық балаларды қорғау күніне орай  балалардың денсаулығы мәселелері бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, БМСК ұйымдарында — 1062 анаға және 1106 балаға кеңес берілді.

Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Жалпы қала бойынша, балаларды оңалту мен скринингтік тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, әрбір  0-17 жас аралығындағы балаларға жүйелі түрде профилактикалық тексеріп қараудың көлемі арнайы мамандардың зерттеулерінен өтеді.  Орта және жоғары білімі бар мейіргерлер, педиатр, стоматолог, хирург , невропатолог, офтольмолог, эндокринолог, уролог, отолорионголог, отбасылық дәрігерлері медициналық қарап-тексеруден өткізуде.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе ЖПД «денсаулық тобын» айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешендік бағалау жүргізеді. Және денсаулық тобын көрсете отырып физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытынды ресімделеді.

Сонымен қатар, аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі.

Аудиологиялық скринингтің міндеттері:  -барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту;                                                                                                                                       — одан әрі тексеру, уақтылы араласу және оңалту үшін есту қабілеті бұзылуының тәуекел топтарын ерте анықтау (жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен «Өтпеген»);                                                                                — есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға, бөлімшелерге) жіберу;                                                                                                                                                                    — есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу; тексерілген пациенттерді есепке алу медициналық құжаттамаға (МАЖ) деректерді енгізу;                                                                                                                             есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, түзету мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:

1)бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг;

2) екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.

Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – ең басты міндетіміз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.