Дерт жас талғамайды. Бүгінде елімізде қара тізімді сүт безі ісігі бастап тұр. Одан соң өкпенің қатерлі ісігі, асқазан, ішек, жатыр мойын обыры көп. Шымкент қаласының онкологиялық есебінде тұрғандардың саны жеті мыңнан асып жығылады. Сондықтан жіті медициналық тексерістен өткен жөн дейді мамандар. Бүгін орталықта Шымкент қаласының 60 жастағы тұрғынына ота жасалды. Науқас жатыр мойны ісігіне жасалған. Операция жаңа медициналық құрылғының көмегімен жасалды.