Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жаһандық бәсекелестікке төтеп беретін және соған сәйкес келетін білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтып, нақты тапсырмалар беріп, білім сапасын арттыратын реформалар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент қаласында сапалы білім беру үшін көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Шымкент қаласы демографиялық өсім бойынша алдыңғы қатарда келеді. Сондықтан мектеп жетіспеушілігі заңды. Дегенмен, жергілікті билік бұл мәселені шешуі үшін әрбір мектептің жанынан қосымша ғимараттар сау арқылы шешуге кірісті. Биылдың өзінде мегаполистегі бірнеше мектептердің ауласында қосымша ғимраттар салынып, бірқатар мектептер стандартқа сай болатындай күрделі жөндеуден өтуде.
Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №65 мектеп-гимназиясының қосымша ғимарат құрылысымен танысты. Сайрам шағынауданында орналасқан білім ұйымына оқушы санының артуына байланысты ғимарат қажеттілігі туындаған.
2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады.
Жобада 25 оқушыға лайықталған 24 сынып бөлмесі, ашық спорт алаңы, онда футбол мен жүгіруга арналған арнайы жол және есік алдына субұрқақ, қоқыс контейнерлеріне арналған орын қаралып отыр.
Қосымша ғимарат қажеттілігі жөнінде 2021 жылы сынама өткізіліп, оң қорытындысы шыққан. Қазір құрылысқа бөлінген жер көлемінің аумағы 0,92 га, құрылыс ауданы 1995,85 шаршы метрді құрайды.
Осы жылдың наурыз айында басталған жұмыстар 2023 жылдың тамызында пайдалануға берілмек
Ал қаладағы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Білім мекемесінде 3 556 оқу жылын аяқтады. Оқушы саны шамадан тыс көп болғандықтан қосымша ғимарат қажеттігі туындаған.
Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №72 мектептің қосымша ғимарат құрылысын да көрді.
Жаңадан салынып жатқан оқу корпусының сыйымдылығы 375 орын. Екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болады. Қолданысқа берілген нысанда балалардың білім алуымен бірге 27 жаңа жұмыс орны ашылады.
Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз ауында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр.
Жалпы қалада биыл 5 мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім мекемесінің едендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен.
Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. Жоғарыда аталған ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталыпты.
Ал, жөндеу жұмысынан кейін едендер жаңысына ауысып, есік алдына кіреберіс салынады. Электр желілері ауыстырылып, әр сыныпқа ауыз су тартылады. Сонымен бірге, мектеп ішіне әжетхана жұмыс істейді және ол орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Одан бөлек, сметалық жобада оқу ғимаратының шатырын ауыстыру, сыртқа қабырғаның барлығын арнайы материалмен қоршау және спорт алаңын жаңарту жұмысы қаралған.
Жөндеу жұмысы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы атқарылған.
Оқу жылы аяқталып, мектептердің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Қала әкімі басшысы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатында №11 мектебіне де барды.
Білім мекемесі 1991 жылы пайдалануға берілген. Мектептің су құбырлары, жылыту және электр жүйелерін жаңарту уақыты келген. Жауынды күндері ескірген шатырдан су өте бастаған. Іргетасының қаланғанына 30 жылдан астам уақыт болған мектеп жөндеуден кейін жаңа кейіпке енбек.
Екі қабатты ғимараттың есік, терезе және едендері жаңасына ауыстырылып, жылу жүйелері қайта қалпына келтірілуде. Желдету, су құбырлары, кәріз, электр жабдықтары, өрт дабылын орнату жұмысы атқарылады.
Жұмыстар осы жылдың сәуірінде басталған болса, қазір 45 пайызы орындалған. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Мұндай жұмыстар мегаполисте өз жалғасын таба бермек. Қала халқының саны күннен –күнге артуына байланысты мәселені әрі қарай күрделендірмеу үшін шалғай елдімекендерде жаңа мектептер бой көтеріп, халқы тығыз орналасқан аймақтарда осылай қосымша ғимраттар салу арқылы мәселенің мәнісі шешу әрі қарай да жоспарлануда.
Білім мекемелерінің өзге де ұйымдарында кезең-кезеңімен тозығы жеткен ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп жаңаруда. Соның бірі — №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған.
Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді.
Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері жаңарады.
Балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы 50 орынға лайықталған. Балалар үйінің негізгі ғимаратының сыртқы және ішкі бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір мұнда 47 бала тәрбиеленуде. Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан, балалар №4 балалар үйіне орналастырылды.
—Балалар үйінің жөндеу жұмысы жоғары деңгейде, әрі сапалы болуы керек. Өйткені балалар —біздің болашағымыз. Олардың мұнда өсіп, білім алуында ешқандай кедергі болмауы қажет. Көбіміздің ата-анамыз бар болса, мұндағы балалардың қамқоршысы мемлекет,—деді қала әкімі.
Қазір жалпы жұмыстардың 40 пайызы орындалған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.