Мегаполистегі қала көшелерінің көбісі орташа жөндеуден өтуде. Бірі енді басталса, бірінің құрылысы бітіп ел игілігіне беруліде. Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшедегі жұмыстар күзге дейін аяқталады деп күтілуде.
Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.
Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1 шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.
Жол құрылысынан бөлек, мегаполистегі көпқабатты үйлердің аулалары заман талабына сай ойын алаңшаларымен толығып отыр. Соның бірі Әл-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласы. Мұнда соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды.
Сондай-ақ, мегаполисте инфрақұрымы жүргізу мәселесін шеші жұмыстары да кеңінен қолға алып, құрылысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700- ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.
Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тарту жұмысы атқарылып жатыр.
Шағынауданның қалған бөлігін мемлекеттік жүйедегі электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл атқарылады. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Асар-2 ықшам ауданында кәріз құрылысы да қарқын алған. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құраса, бүгінде оның 40 пайыздан астамы орнатылды. Нысан келер жылы қолданысқа беріледі.