Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚОС ШАҒЫН АУДАНДА  КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖҮРУДЕ
    Жаңалықтар

    ҚОС ШАҒЫН АУДАНДА  КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖҮРУДЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.07.2022405 Views

    Адамдардың қалаларда, елді мекендерде, кәсіпорындарда жұмыс істеуіне байланысты қалдықтар сонда түзіледі.

    Ағынды сулар мен қалдықтардың барлығы дерлік органикалық және минералды заттардан тұратындықтан, олар ыдырауға ұшырайды. Қоршаған ортаға зиян келтіретін нәрсе — олар ауаны, топырақты, су қоймаларын және жер асты суларын ластайды. Адамзаттың дамуымен біз қалдықтардан құтылудың бірнеше жолы бүгінде табылған — олар елді мекендерден шығарылады немесе кәрізге құйылады.

    Шымкент қаласында  кәріз жүйесін жүргізу жақсы қолға алынуда. Жаңадан қосылған елді мекендерді

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту барысын тексеру мақсатында Ұлағат шағынауданына барды.

    Қазір шағынаудан тұрғындарына кәріз жүйесін тарту мақсатында құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Ұзындығы 40,9 шақырым болған жүйе 2 248 абонентке лайықталған.

    Қазіргі таңда 18,3 шақырымға кәріз жүйесі жүргізіліп, жұмыстың 40 пайызы орындалған.

    Өткен жылы құрылысы басталған нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қарашасына жоспарланып отыр.

    Құрылысты «Алемстрой-1» мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

    Сонымен қатар, шағынаудан ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Аумақтағы жалпы 53 көшенің 31-і асфалбтталған. 2022-2025 жылдар аралығанда 11 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.

    Биыл шағынаудандарға кәріз жүйесін жеткізу үшін 14 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның 2-і магистралды кәріз коллекторы, біреуі кәріз сорғы станция (КНС) және 11 нысан елді мекендердің ішкі орамдық жүйесі. Жыл соңына дейін 6 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі.

    Ал Мирас шағынауданында 980 үй қоныстанған. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша орналасқан. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі сәтте кәріз жүйесін тарту құрылысы жүргізілуде.

    Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады.

    Бүгінде құрылыстың 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр.

    Құрылысын жүргізіп отырған «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС. Оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.

    Айта кетсек, биыл қалада 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі

    Қаратау ауданындағы Тассай тұрғын алабында да бүгінде инфрақұрылым  мәселесі өз шешімін кезең кезеңімен тауып келеді. Мұнда ауыз су, мемлекеттік жүйедегі электр жарығы толық қамтыған. Қазір табиғи газ бен кәріз жүйесін тарту жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын алабына инфрақұрылым жүйелерін тарту барысын көрді.

    Қазір елді мекенді кәріз жүйесімен қамту үшін «Сарыағаш  Аман» ЖШС мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжатына сәйкес, жүйенің жалпы ұзындығы 115,2 шақырым. Бүгінде 66,3 шақырымды құрайтын құбыр тартылып, жұмыстың 62 пайызы орындалған. Құрылысы 2021 жылы басталған нысан аяқталуы келер жылға өтпелі.

    Тұрғын алабты толық көгілдір отынмен қамту  мақсатында «Ремстрой» ЖШС-і құрылыс жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

    Одан бөлек, өткен жылы 15 км топырақ жолдарға шағал тас төселген. 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соңы асфальттанады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.