Шымкентте «Балалар жылы» аясында «Аула чемпиондары» сайысы өтті. Жасөспірімдер 5 спорт түрі бойынша бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Шараға қатысқан Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Жанысбекұлы «балалар жылында» жоспарланған жобалармен бөлісіп, балалардың белсенділігін жоғары бағалады.
Ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылды «балалар жылы» деп бекіткені белгілі. Осының аясында Шаһардатүрлі жобалар қолға алынуда. Осының бірі «Аула чемпиондары» сайысы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған турнир жыл басынан бері қолға алынып келеді. Жасөспірім балалар 5 спорт түрі бойынша,яғни, Асық ату, Турник, скакалкамен секіру, қақпаға доп тебу, шеңбер айналдыру және баскетбол торына доп лақтыру сынды ойын түрлерінен ойын көрсетеді. Жоспар бойынша, жобаның ақтық сыны жыл соңында қорытындыланбақ. Қала бойынша іріктеуден өткен қатысушылар финалда өнер көрсетіп, нағыз мықтыны анықтайды.