Аймақ басшысы алдымен Арыс қаласының ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері және аула клубында ұйымдастырылған көрмеге қатысты. Мұнда арыстық қолөнер және көркемөнер шеберлерінің жұмыстары көрсетілді. Көрмеге негізінен мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант арқылы өз кәсібін ашқан.
Сонымен қатар, облыс басшысы ұлттық спортты ұлықтайтын кешен қызметімен танысты. Бүгінде өңірдің ірі кәсіпкерлері ұлттық ат спортын дамытып қана қоймай, келушілердің мәдени демалысын байытуға басымдық беруде. Соның бірі – ипподром аумағында жеке инвесторлар есебінен қала тұрғындары мен қонақтарына арнап атпен серуендеу қызметі ұсынылуда.
Бұл жерде ат спортының 8 түрі, атап айтқанда: көкпар; бәйге; жамбы ату; теңге ілу; саятшылық; аударыспақ; асық ату сынды ұлттық ойындарды дамытып, кеңінен насихаттауға барлық жағдай жасалған.
Арыс қаласына арнайы келген әкім поливинилхлорид түйіршіктері мен қоспасын шығаратын зауытты аралады.
Арыстық кәсіпкер Әлішер Мұратұлы жетекшілік ететін «Mega-Agat agro» ЖШС-нің қуаттылығы айына 300 тонна өнім шығаруға жетеді. Кәсіпорын 24 адамды жұмыспен қамтиды. Зауытқа қажетті шикізатты Қытай мен Түркия және Ресейден тасымалдап шығарады.
Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы Арыс халқының жұртымен кездесу өткізіп, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.