Шымкенттіктер әлем чемпионатының жүлдегері атанған боксшы Жайна Шекербекованы әуежайдан күтіп алды. Ұран сөздер жазылған плакаттарды ұстаған жастар ел намысын қорғаған спортшыға ризашылығын білдіріп жатты. Ал спортшы өзіне қолдау білдірген қала тұрғындарына алғысын айтты. Еске салайық, ағымдағы жылдың 8-21 мамыр күндері аралығында Түркияның Стамбул қаласында бокстан әлем чемпионаты өтті. Оған республикамыздың әйелдер құрамасынан 12 былғары қолғап шеберлері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл ретте шымкенттік Жайна Шекербекова 52 келіге дейін салмақта 1/4 финалда қарсыласы Италиялық Олена Савчукты тізе бүктірді.
Осылайша, Жайна Құрманғалиқызы жартылай финалдық кездесуде Тайланд өкілі Джтамас Джитпонгтен жеңіліп, 52 салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.











