• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 10, 2022
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

16.06.2022
0

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласына барды.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Президентке облыстың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласының және өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала өңірдің негізгі проблемалары ретінде атап өтілді.

Ұлытау облысының әкімі республикалық дәрежедегі жолдардың тозуы өңір экономикасының дамуын тежеп тұрған басты фактор екеніне тоқталып, осыған байланысты транзиттік көлік қатынастарының азайғанын, сәйкесінше бағаның қымбаттағанын, іскерлік белсенділік пен бизнестің кенжелеп қалғанын айтты.

Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас – Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.

Өңір әкімінің деректеріне сәйкес облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 – 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.

Берік Әбдіғали Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік саладағы  мәселелерді шешу үшін мемлекеттік университет, қосымша білім беру орталығын, сапалы мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерін және филармония залын салу қажет екенін жеткізді.

Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жол мәселесіне, экологияға, білім саласын дамытуға күш салуды тапсырды.

– Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін, – деді Президент.

Бұдан кейін «Қазақмыс холдингі» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады. Компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан «Қазақмыс» биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп. Мемлекет басшысы алдағы ауқымды жұмыстар үшін бұл қаржының жеткіліксіз болатынын айтып, бөлінетін қаржыны көбейту туралы ұсынысын жеткізді.

– Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Облыс әкімінің өңірді дамыту туралы жоспарын тыңдадыңыздар. Әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. «Қазақмыс» компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаладағы жағдайды жақсартуымыз керек. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Компания басшылығы денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларына ерекше көңіл бөлінетінін баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы Жезқазғанда балаларға арналған спорт академиясы мен 200 балаға арналған интернат салу мәселесі де қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт нысанын салғанда әртүрлі спортты қамтитын көпфункциялды етіп салу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар компания жаңа стандарттарға сәйкес тұрғын үйлер құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕЛЕСТЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ӨЗДЕРІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

КЕЛЕСТЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ӨЗДЕРІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

 Келес ауданында мектеп түлектері өздері білім алған мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі....

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

   Бәйдібек ауданында көпбалалы 29 анаға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков...

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 7 МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 7 МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСАДЫ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

       Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауысады. Олар: Ш.Уәлиханов, №32 жалпы орта мектебі, Жуантөбе, А.Байтұрсынұлы,...

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

   Мегаполистің Еңбекші ауданында жаз айында ауыз су жетіспеушілігі өзекті мәселердің бірі. Атап айтсақ, Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз...

БИЫЛ ТҮРКІСТАН БАЛАЛАР ОЙНАЙТЫН 20 АЛАҢШАМЕН ТОЛЫҒАДЫ

БИЫЛ ТҮРКІСТАН БАЛАЛАР ОЙНАЙТЫН 20 АЛАҢШАМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

    Түркістан қаласында ойын алаңшалары саны артып келеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының тапсырмасымен инфрақұрылымды...

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ШАРДАРАНЫҢ 2 СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ШАРДАРАНЫҢ 2 СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.08.2022
0

        Жуырда Түркия елінің Ыстамбул қаласында өткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысында Еліміздің намысын қорғаған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

№12, 2020 жыл

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.