Шымкентте бұрын-соңды болмаған орталықтандырылған симуляциялық орталық іске қосылды. Қала күні мен медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты түрде ашылған орталықтың жұмысымен шаһар басшысы Мұрат Әйтенов танысып, жоғары бағасын беріп, тиімділігін алға тартты. Соңғы үлгідегі жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтылған орталықта Шымкент қаласының медицина қызметкерлері халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерін тегін толықтай меңгеріп, тәжірибе жинақтай алады. Оған мегаполисте бүгін есігін айқара ашқан орталықтандырылған симуляциялық орталығы көптеген мүмкіндік беріп отыр. Өңірде бұрын-соңды болмаған мұндай оқыту орталығының ерекшелігі тек медицина мамандары ғана емес, түрлі апатты жағдайдағы шақыртуға баратын төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер, ұстаздар және басқа сала мамандары шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдай алады.
Орталықтың ашылу рәсіміне арнайы келген қала әкімі Мұрат Әйтенов жобаның тиімділігін алға тартып, құрал-жабдықтармен жекелей танысып шықты. Қол мен аяқ сынған жағдайда сыртқы бекітуге арналған жаттығу машинасы, нәресте интубациясын оқытуға арналған модель, тыныс алу жолдарының функционалды бақылау тренажері, кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы үшін көпфункционалды бақылау тренажері сынды бұйымдар қолжетімді. Сонымен қатар, еліміз бойынша тек бір данасы ғана бар санитарлық автокөлік салонының имататоры таныстырылды.
Жедел-жәрдем көлігінің имитаторы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Мұның көмегімен осында білім алушылар науқасқа қалай көмек көрсету керектігін, керекті құралдардың қажеттілігін меңгере алады. Сонымен қатар, Америкадағы кардиологиялық қауымдастығындағы білікті мамандардан тәжірибе жинақтап келген мұндағы дәрігерлер науқастың тамырын табуды да үйретеді. Ол үшін арнайы жаттығу жастықшасында жаттығып, дағдылана алады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде орталықтың тиімділігін алға тартып, медицина қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Гүлнар Мамытқызының айтуынша, бұл орталықты ашудағы басты мақсат өлім көрсеткішін азайту. Сала өкілдерін кез-келген төтенше жағдайға даярлау болып табылады. Айта кетейік, аталмы орталық 100 муляжбен қамтылған. Мұндай ауқымды әрі керекті бұйымдармен 100 пайыз қамтылған орталық еліміздің жоқтың қасы. Мұнда білім алу барша медицина қызметкерлеріне тегін, басқа сала өкілдеріне ақылы негізде ұйымдастырылатын болады.