• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МИНИСТРЛІК МЕКТЕП ДӘРЕТХАНАЛАРЫ МЕН АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІ БАСТАДЫ

28.04.2022
0

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен мектеп дәретханалары мен асханаларына мониторинг жүргізу бойынша «Балаға лайық» республикалық акциясы басталды. Акция «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Бұл туралы аталмыш ведомствоның ресми сайтында мәлімделді.

Акцияға кез келген ниет білдірушілер қатыса алады: мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б.

Осындай краудсорсинг және көптеген мүдделі тұлғаны тарту арқылы жылы дәретханалары жоқ және балаларға санитарлық-гигиеналық жағдай жасалмаған білім беру ұйымдары анықталады.

 «Мектептерді қаржыландырудың заңнамалық функциялары, олардың құрылысы мен қажетті жағдайларды, оның ішінде санитарлық жағдайды жасау мәселелері әкімдіктердің құзырында екенін атап өткен жөн. Бұған дейін министрлік мектеп дәретханалары мен мектеп мәзірін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдаған болатын. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Акцияны өткізу балалардың мектепте жайлы болуы үшін жағдай дұрыс жасалмаған білім беру ұйымдарын анықтауға көмектеседі. Мониторинг жазалау үшін емес, мектептерді бірлесіп балаларға қажетті жағдай жасауға тарту үшін жүргізіледі. Мектеп әкімшіліктеріне бұзушылықтарды жоюға уақыт беріледі. Сонымен қатар мектеп асханаларында проблемалы жуынатын бөлмелер мен заң бұзушылықтар туралы хабарлағандардың аты-жөні және олар туралы ақпарат жария етілмейтініне кепілдік беріледі. Мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар да мектеп асханаларындағы бағаның көтерілгенін, олардың мектеп мәзіріне қаншалықты қанағаттанатынын хабарлай алады. Одан бөлек, қандай асханаларда зиянды тағамдар, яғни фастфуд, газдалған сусындар сатылатыны туралы да мәлімет бере алады», — деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Науқан шарттарына келетін болсақ, бірінші кезең «Check your school» деп аталады. Акцияға қатысуға ниет білдіргендер 87006990446 нөмірі бойынша WhatsApp пен Telegram-ға фото және видео, сонымен қатар Telegram-дағы https://t.me/Balagakz_bot арнасы арқылы жібере алады. Сонымен қатар Instagram және Tiktok әлеуметтік желілері арқылы #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегі арқылы жуынатын бөлме мен асхананың фотолары мен видеоларын жібере алады.

Видеоның ұзақтығы 2 минуттан, фотосурет 10 кадрдан аспауы керек. Бұл ретте білім беру ұйымының атауын және оның мекенжайын көрсету қажет. Осындай мәліметтер көрсетілмеген материалдарды жұмыс тобы қарастырмайды. Сондай-ақ материалдарды мектеп асханаларында (ас блоктарында), білім беру ұйымдарының жуынатын бөлмелерінде талаптарды сақтау мәселелері туралы журналистік сюжеттер түрінде де ұсынуға болады.

Арнайы құрылған жұмыс тобы келіп түскен материалдардың жуынатын бөлмелер мен асханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалайды. Одан кейін фотолар мен видеоларды бұзушылықтарды жою талаптарымен өңірлердің Білім басқармаларына жолдайды. «Қателер бойынша жұмыс» жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасында мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» фотолары мен видеолары жарияланады.

«Мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар, мысалы, санитарлық жағдайдың жоқтығы, крандардың жұмыс істемейтіні, мектеп асханаларындағы сапасыз тағам және т.б. хабарлай алады. Баршаңызды науқанға белсене қатысып, білім беру ұйымдарын жайлы әрі қауіпсіз етуге шақырамыз. Айта кетейік, акцияға қатысушылар мектеп дәретханалары мен асханаларының нормаларына сәйкес келмейтінімен қоса, үлгілі, яғни талапқа сай келетіндерінің де фото және видеоларын жібере алады. Акция қорытындысы бойынша балалардың оқуы мен мектепте болуына қолайлы жағдай жасалған үздік мектептер марапатталады», — деп түсіндірді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.