• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Президент орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

08.04.2022
0

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер  өткізсін.

2. Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесін (бұдан әрі – кесте) қалыптастыру мен бекітудің мынадай тәртібі белгіленсін:

1) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жіберсін;

2) жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін;

3) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кестені бекітсін.

3. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары:

1) қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын   бөлігін – баяндаманы таныстырып, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін;

4) кездесулер өткізудің барлық кезеңінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

5) халықпен кездесу өткізгенге дейін:

халықтың пікірін ескере отырып, оны өткізу күні мен уақытын айқындауды;

ресми интернет-ресурстарға, орталық атқарушы органдар басшыларының блог-платформасына, коммуникацияның басқа да нысандарына және әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша халықтан келіп түскен сұрау салулар мен ұсыныстарды жинауды, талдауды қамтамасыз етсін;

6) халықпен кездесу өткізу шеңберінде:

азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді;

коммерциялық емес ұйымдармен кездесулерді;

бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингті қамтамасыз етсін;

7) халықпен кездесу өткізгеннен кейін:

айтылған барлық проблемалық мәселелерді жүйелеуді;

кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өткізілген кездесулердің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда  орналастыруды;

кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орталық атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Барлық деңгейдегі әкімдер:

1) орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулеріне қатыссын;

2) кездесулер өткізуді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдіктердің (әкім аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда орталық атқарушы органдарға қолдау көрсетсін;

3) әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша өңірдің орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін жүйелі проблемаларын жинақтап-қорытсын және кездесулер өткізу кезінде есепке алу үшін жарты жылда бір рет құзыреті бойынша орталық атқарушы органдарға жіберсін.

5. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:

1) республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулер өткізілетінін хабарлауды және олардың өткізілу барысы мен нәтижелерін кеңінен ақпараттық жария етуді;

2) орталық атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде кездесулер өткізу нәтижелерін есепке алуды;

3) халықпен кездесулер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітуді және орталық атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) кездесулер өткізудің қорытындыларын жартыжылдық негізде қарасын;

2) әлеуметтік шиеленістің және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануының жоғары тәуекелдері болған жағдайда, орталық атқарушы органдардың кездесулеріне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының қатысуын қамтамасыз етсін;

3) орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары орынбасарларының және ведомстволары төрағаларының халықпен тұрақты кездесулер өткізуін қамтамасыз етсін;

4) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

8. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                          Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 7 сәуір

Previous Post

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АНА МЕН БАЛАҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШПЕЛІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.