Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Нариман Әбілшайықов 1983 жылы Павлодар өңірінде дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар мемлекеттік университетіндегі тәрбие жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдары «Полиграфия Плюс» ЖШС баспа орталығының директоры, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Туризм басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Almaty Management University, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті болып қызмет еткен. Павлодар облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланған.
Бұл қызметке дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болған.