Нұр-Сұлтанда Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа әкімдер Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидаты бойынша тағайындалғаны айтылды.
2016-2019 жылдар аралығында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚМУ басшысының орынбасары, елорданың Әлеуметтік даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Есіл ауданының әкімі болып Асылбек Есенбаев тағайындалды. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған.
Әр жылдары елорда әкімдігінде, Президент Әкімшілігінде, премьер-министр кеңсесінде қызметтер атқарған.
2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және тұрғын үй инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуірінен — »КИОР» Рухани жаңғыру» КЕАҚ басқарма төрағасы.
«Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді», — деді қала әкімдігіндегілер.