• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МЕРЕЙТОЙ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ 70-ке ТАРТА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

16.12.2021
0

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 жыл, айтулы дата. Осы жыл аралығында елімізде елеулі өзгерістер орын алды. Экономикамыз өркендеп, мемлекетіміз алға дамып келеді, деп хабарлайды ТО ПД баспасөз қызметі.

Жаңадан құрылған Түркістан облысының өзінде сан түрлі зәулім ғимараттар саны артып, көркеюде. Бұл ретте барлық сала өз жетістігімен мақтанатындай дәрежеге жетті деп те айта аламыз. Оның ішінде Қазақстан полициясы, яғни тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға аянбай еңбек етумен келеді. Қаншама сақшы ерлік істерімен көзге түсіп, ел алдында марапатталды. Бұл өз кезегінде Тәуелсіз еліміздің тәртіп сақшыларының елмен бірге жоғарыға қарай ұмтылып, өсіп келе жатқандығын көрсетеді.

Мерейі үстем мереке қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары  Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Мейрамға арналған жиынның шымылдығын, осынау 30 жыл қарсаңында облыс полицейлерінің жеткен жетістіктері мен қызметтері көрсетілген фильм ашты. Одан ары ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзінің құттықтау сөзімен жалғастырды. Облыстың бас полицейі баяндамасында, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы мен Президенттің басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы, ІІО-ның сервистік модельге көшуі, «Жұртқа жақын полиция қағидаты» бағдарламаларының арқасында еліміздің өркендеп отырғанын тілге тиек етті. Және қызмет бабында қаза болған полицейлердің есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтқан генерал, олардың жұбайларына мерекелік тарту жасап, сый-сияпаттар үлестірді. Сондай-ақ еліміздің құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан тәртіп сақшыларына тиісті марапаттарын ұсынды.

Әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде белсенділік танытқандары үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен полиция полковниктері Сейітжомарт Сейітхан, Нұрмахан Жалғасов, Ұлықбек Мылтықов, Ержан Бекмұратов, Салтанат Қаракөзовалар марапатталды. Мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Әбдіхалықов кезектен тыс полиция полковнигі шенін алды. Ал «Бір саты жоғары полиция полковнигі» арнаулы атағы Нұржан Мутаевқа, «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» полиция майоры Амид Абиловқа берілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция капитаны Қуаныш Түймебеков марапатталды. Одан бөлек ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен 5 қызметкер, ҚР ІІМ-нің «Грамотасымен» 3 қызметкер, ІІМ-нің «Алғыс хатымен» 14 қызметкерге алғыс жарияланды. «ҚР Құрметті азаматы» атағына ие болған Оспанғазы Жанқожаев, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін «Облысқа сіңген еңбегі үшін» медалімен полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, полиция подполковнигі Есенғали Бейсебаевтар марапатталды. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің грамота, алғыс хаттарымен 8 полиция қызметкері марапатталды. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 2 қызметкер марапатқа ие болды. Сондай-ақ ТО ПД-нің «Грамотасымен» 2 қызметкер, «Алғыс хатымен» 21 қызметкерге алғыс жарияланды.

Салтанатты жиын соңы облыстық эстрада жұлдыздары мен өнерлі полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.