Шымкент қаласының 2022 жылғы бюджеті 468 млрд теңге болып бекітілді.
Аталған шешімді кезекті сессияда депутаттар бір ауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, қаланың 2020-2021 жылдардағы даму бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі баяндалды. Айта кетейік, шахардың ағымдағы жылы нақтыланған қаржысы 387 млрд теңгені құраған болатын. Оның ішінде 39 млрд теңге депутаттардың көтерген сауалдары бойынша, тиісті салаларға бағытталған.