Шымкентте 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңа жоба іске қосылды.
«Silkway Alliance» өнеркәсіптік паркі — «Іскер қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалардың бірі.
Өнеркәсіптік парк- бұл жалға беруші компаниялардың өндірістік қызметін жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым, коммуникациялар, электрмен жабдықтау, өндірістік және әкімшілік үй-жайлары бар аудандарды пайдалану үшін жеке аумақ.
Аумақтың жалпы ауданы 4,4 га құрайды, өндірістік үй – жайлар-2780 м2, кеңсе үй-жайлары 1064 м2. Жобаның бірінші кезеңінде 15 жобаны орналастыру жоспарлануда. Бүгінде 8 жоба орналастырылып, жаңа жұмыс орындарымен 69 адамды қамтып отыр.
Ал өндірістік парк құрылысының екінші кезеңін 2022 жылы бастау жоспарланып отыр