Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтудан бас тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық комитеттің баспасөз мәслихатында журналистің сауалына жауап берген әкім жалақысы басқа облыс әкімдері жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.
«Бұл сұрақ БАҚ-та бірнеше рет айтылды, менің жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты. Бұл Үкімет қаулысы бойынша бекітілген. Менің жалақымның қанша екенін сіздер жақсы білесіздер», — деп жауап берді Әйтенов.