• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖИЫН

06.12.2021
0

Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен Тәуелсіздік пен Ұлы көштің 30 жылдығына орай дөңгелек стол өтті. Онда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков және елдегі көші-қон мәселесіне қатысы бар Уәлихан Қалижан, Әкім Ысқақ, Марат Тоқсамбаев тәрізді қайраткерлер бас қосты. Бірқауым жұрт шараға әртүрлі мемлекеттерден онлайн арқылы қатысып, пікір алмасып отырды, деп Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Жиынға қатысушылар тарих беттеріне үңіліп, Елбасы мемлекет тізгінін қолына алған кеңестік дәуір кезеңде-ақ Атажұртқа сырттағы қазақты әкелу жөнінде көп толғанғандығына тоқталды. Өйткені, мемлекет құраушы ұлт азшылықта еді. Міне осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақ КСР Министрлер Кабинетіне тапсырма беріп,  1991 жылғы 18 қарашада № 711 қаулысын қабылдатты. Бұл қан­дастарымыздың тарихи Отанына ора­луына жол ашқан тарихи құжат еді.

№711 қаулыда «Басқа республикалар­дан жә­не шет елдерден республиканың се­лолық жер­лерінде жұмыс істеуге ті­лек білдіруші байыр­ғы ұлт адамдарын қо­ныстандыру, оның ішінде оларды та­сымалдауды, келген жер­лерінде қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру халық де­путаттары жергілікті кеңестерінің атқару комитеттеріне, агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарына жүктелсін. Бұл мәселе жөніндегі үйлестіру жұмыстары Қазақ КСР Еңбек министрлігіне тап­сы­рыл­сын» делінген. Дер уақытында қабылданған қаулы  – шет елдегі қандастарымызды тарихи Ота­нында ауылдық жерлерде еңбек етуге шақырып, оларды қоныстандырудың жайын үйлестіруге негіз болды.

Осы тарихи құжаттың өмірге келуінен соң іле-шала Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты жолдауын жариялап, сырттағы қандастарымызды Атажұртқа шақырды. Ел деп елеңдеп отырған бауырларымыз содан соң тарихи Отандарына қарай атбасын бұрды.

Осыдан кейін барып Қазақстан 16-желтоқсанда Тәуелсіздігін жариялады. Ата-бабамыз көксеген Тәуелсіздік орнаған соң, барша игіліктердің көзі ашылды. Көші-қон туралы заң әзірленді. Кейін Еңбек министрі Н.А. Коржова Парламентке көштің келуіне кедергісі көп нормалары бар заң жобасын ұсынғаны белгілі болып, шұғыл Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жанында жиын өтті. Онда «Көші-қон туралы» Заң жобасына қатысты жұмыс тобы құрылды. Бұған өзекті іске өзегін жұлып беретін сол кездегі Мәжіліс депутаты Әкім Ысқақ араласып, жең сыбана кірісті. Нәтижесінде 1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекеттік тілде әзірленіп, Үкімет жобасына балама ретінде ұсынылып, қабылданған Заң өмірге келді.

Тарих беттерінен шежіре тарқатқан жиынға қатысушылар көптеген ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Қолданыстағы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қазақ көшінің жылнамалық шежіресін шығаруды қолға алу қажет екені айтылды. Сондай-ақ, бүгінгі Тәуелсіздігіміз бен Ұлы көштің аясында ел тарихындағы елеулі сәттер жөнінде әңгіме қозғалып, қандастарды қоныстандыру жайы кеңінен тоқталды. Жиын соңында сөз алған З. Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қазіргі уақытта Елбасының Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын орындау үстінде екенін жеткізді. «Өңір» депутаттық тобы мүшелері-сенаторлар Ерік Сұлтанов, Әлімжан Құртаев, Алтынбек Нұхұлы, Динар Нөкетаевалармен бірлесіп, қандастарды солтүстік өңірлерге қоныстандыру бойынша мәселені нақтылай түсуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында іссапарларда болғанын баяндады.

Сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тікелей бастамашылдығымен Ақмола облысының Аршалы ауданында 8 мың қандасқа арналған бір үлгідегі 1282 коттедж асар амалымен салынып жатқаны хабардар етілді. Онда 3,5 мың жұмыс орны құрылады.

– Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс күші тапшы екенін көздерімен көрді, – деп сабақтады сөзін Зауытбек Қауысбекұлы. – Әкімшілік 1300 отбасыға жер телімін бөлуге әзір, бірақ оған қолданыстағы заң нормалары мүмкіндік бермейді.

Екібастұз қаласының аумағында жеке тұрғынүй құрылысы үшін 1 мың гектар және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 1 млн. гектарға жуық жерді игеруге өңірдің әлеуеті бар. Тек заңға өзгеріс енгізу керек.

Ал Қостанай облысындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на бүгінде 900 маман қажет. ССТӨБ оларды жұмыс күші артық өңірлерден көшіріп алуға да әзір. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-гі де қосымша 500 маман тартуға мүдделі. Салынып жатқан «КАМАЗ» зауыты құрылысы да 500 жұмысшыға зәру. Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорын «Агромашхолдинг КЗ»-ке де қосымша 180 маман жетіспейді. Сөйтіп, тек осы кәсіпорындардың ғана кадрларға деген жалпы мұқтаждығы шамамен 2200 адамды құрайды.

Сондай-ақ, «Олжа агро» кәсіпорны да оңтүстік өңірлерден 2000 отбасын көшіріп әкелуге мүдделі. Олар мүйізді іріқараларды өсіруге жұмылдырылады.

Бұл ретте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қостанай облысының орта арнаулы оқу орындарында білім беріп, содан кейін жұмысқа орналастырып және жеке тұрғынүй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімдері бөлінген жағдайда, оңтүстік өңірлердегі қандастар арасынан жастардың қоныс аударуын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған жауап ретінде өңір басшысы Қ. Ақсақалов инфрақұрылымы әзір Петропавл қаласының «Южный», «Солнечный-1», «Солнечный-2» ықшам аудандарын көрсетіп, 1300 отбасыға жер бөлуге болатынын, бірақ оған заң көтермейтінін көлденең тартты. Біріншіден ол адамдардың өңірге қатысы жоқ әрі кезекте тұрған жергілікті адамдар бар.

Осы іссапардың нәтижесі бойынша ҚР Парламентінде 30 қарашада арнайы кеңес өтіп, онда қандастарды солтүстік аймаққа қоныстандыру жайы қаралды. Сондай-ақ, Парламентте халықты қоныстандыруға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жоба талқылануда, енді осы құжатқа ұсыныстар берілмекші. Нәтижесінде, қандастарға кедергісіз жер бөлу мәселесі шешілмек.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өз ұсыныстарын білдірді. Ең бірінші қоныстандыру аймағын анықтау. Екінші, қандастарымыз бен жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударушыларға «Асар» бағдарламасына қатысушы мәртебесін беруі керек. Үшінші, «Асар» жобасына қатысушыларға жерді топтап бөлуі тиіс. Мысалы, бес жүз отбасын бір маңға қоныстандырса, олар өз ортасында жүріп, жаңа мекенге тез бейімделеді. Сондай-ақ, жер бірден оның меншігіне өтіп кетпейді, атына ғана тиесілі болады. Оғанға дейін жер телімдері әкімдіктердің жанындағы дербес бөлімдердің (мысалы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Сарыарқа») балансында тұрады. Үй толық салынып біткенде адамдардың атына ауыстырып береді. Баспана құнының 50 пайызын мемлекет төлеп, 50 пайызын азаматтар өз есебінен салады. Он жылға дейін ол үйді сатуға құқы болмайды. Тиісті қаражатты тұрғын мемлекетке қайтарғанда, баспана оның меншігіне өтеді. Әуелгіде, солтүстікке қоныс аударғаны үшін көтерме қаржы және 1 жылға жалға алатын баспана ақысы төленуі тиіс. Міне, осы тәсілді қолдана отырып, асар амалымен кешендерді қысқа мерзімде әрі сапалы салуға болады.

Осы ретте Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданының қалай бой көтергенін еске алайық. Бұл елдімекен дәл осындай тұрғындардың қатысуымен салынып, «Асар» деген атқа ие болды. Ол ықшам аудан 2003 жылы басталып, 2011 жылы толықтай салынып бітті. Барлығы 1725 котедж және 960 пәтерлік 30 көпқабатты үйлер тұрғызылды. Осы  баспаналарда 2800 отбасы екі қабатты котеджде, 960 отбасы көпқабатты үйлерге қоныстанды. Сол кезде 19 мың тұрғыны болса, қазір 26 мыңға өсті. Жеті мың жұмыс орны бар. Үш орта мектеп жұмыс жасайды. Оқу жасындағы балалардың көптігінен былтыр екі қабатты сауда үйін мектепке айналдырған. Биылғы оқу жылында 1-ші класқа барған сәбилер үш мектепте 17 сыныпты құраған.

Сөзін қорытындылаған Зауытбек Қауысбекұлы «Осындай тәжірибе барда халықты теріскей өңірлерге қоныстандыру мен өңірді жұмыс күшімен қамту тиімді әрі жылдам жүзеге асатынына сенімдімін. Халқымызда «Жер-ана тірімізде – төріміз, өлгенде – көріміз» деген сөз бар. Кімде ел болса – жер соныкі» деп түйіндеді.

Жиын мереке қарсаңында өтіп отырғандықтан Тәуелсіздігіміздің баянды, елдігіміздің мәңгілік болуына жылы лебіздер айтылды.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.