Түлкібас ауданының прокуроры болып Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков тағайындалды.
Нұрғали Шекербекұлы 1980 жылы туылған, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастап, Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі, Талдықорған қаласы прокурорының аға көмекшісі, қала прокурорының орынбасары, Жезқазған көлік прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының прокуроры, Сарыағаш ауданының прокуроры, Мақтаарал ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған. Аталған тағайындауға дейін Түркістан облысы Жетісай ауданының прокуроры қызметін атқарған. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі.