• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ОҢ БАҒАЛАНДЫ

30.11.2021
0

Түркістан өңірінде жүзеге асқан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі оң нәтиже беруде. Арнайы өткізілген тәуелсіз зерттеу қорытындысы осындай шешім шығарған. Түркістан облысының тәжірибесі негізінде қолға алынған жоба барлық өңірлерде қолдау тапты. Бес жылдан бері жүзеге асып келе жатқан орталық жұмысының нәтижесі Түркістан облысы әкімдігінде өткен басқосуда жарияланды. Аталған қызмет Түркістан облысының барлық аудандарында жұмыс істейді.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары С.Қалқаманов пен Ұ.Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары мен ЮНФПА өкілдері қатысты. Басқосуда ЮНФПА өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысымен әзірленген стратегияға жоғары бағаларын берді, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл коммуникациялық стратегия БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының «Орталық Азияда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет етуді жақсарту үшін ұлттық әлеуетті күшейту» жобасы аясында Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен әзірленген.

Талқыланған тақырыптың маңыздылығын атап өткен облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов коммуникациялық стратегия негізінде шұғыл жоспар құруды тапсырды. Сонымен бірге ол өңірде отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін мәлімдеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі ауылдардағы әйелдерге көмек көрсетеді. Себебі дағдарыс орталықтары көбінде қалалық жерлерде орналасқан. Жоба Қазақстанның 5 облысында жүзеге асуы мүмкін. Отбасында зәбір көрген әйел көмек сұрап, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырмайды. Жеке басындағы тауқіметті арнайы қызмет мамандары білсе жеткілікті. Олар өздері полицияға, әлеуметтік қызметтерге, прокуратураға және тағы басқа ұйымдарға хабар береді.

Жиында Қазақстандағы ЮНФПА-ның өкілі Ғазиза Молдақұлова «Түркістан облысымен әріптестік жоғары деңгейде. Бұл өңірде гендерлік зорлық-зомбылық бойынша жақсы жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар күшейді» дей келе демографиясы жоғары өңірде ана құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу аса маңызды екенін атап өтті.

Previous Post

ТЕЛА ЧЕТЫРЕХ ПОГИБШИХ НАЙДЕНЫ В ДОМЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Next Post

АРЫСТА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.