• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

САНДЫҚ ТАҢБАЛАУДЫ ЕНГІЗУ АЯҚ КИІМ ҚҰНЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ

18.11.2021
0

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киімді цифрлық таңбалау басталды. Осы күнге дейін өндірілген немесе елге әкелінген таңбаланбаған аяқ киімді 2022 жылғы 1 сәуірге дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрланған аяқ киім болуы керек.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған аяқ киімді таңбалау процесіне қатысатын Алматы нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде айтылды. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері кеден қоймасында таңбалау және отандық аяқ киім өндірісі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Баспасөз туры барысында журналистердің сұрақтарына Министрліктің, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, цифрлық экономиканы дамыту орталығының (ҚР тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы), сондай-ақ DAMU logistics кеден қоймасының және қазақстандық аяқ киім өндірушісі — «Казлегпром-Алматы» компаниясының өкілдері жауап берді.

«Цифрлық таңбалау — бұл ЕАЭО елдері арасындағы Келісім шеңберінде іске асырылатын ауқымды жоба. Ол нарықты контрафактіден тазартуға және заңды айналым есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда аяқ киімнің көлеңкелі нарығы 48,5% құрайды, бұл —  нарықтағы барлық тауар көлемінің жартысына жуығы. Шара қоғамдық бақылауды да күшейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің жеңіл өнеркәсіп басқармасының сарапшысы Фаррух Изатуллаев.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік әкімшілендіру басқармасының бас маманы Ульяна Нургалиева аяқ киімді импорттаушылардың таңбалауының негізгі ережелерін түсіндірді.

«Тауар ел аумағына шетелдік өнім ретінде әкелінгенде импорттаушыға таңбалауды жүзеге асыру бойынша міндеттеме жүктеледі. Аяқ киім тауарларын таңбалау кедендік тазарту аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе ҚР аумағында жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін импорттаушыларға кеден органынан рұқсат алу қажет. Себебі кеден қоймалары кедендік бақылау аймағы болып табылады», — деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі.

Оның айтуынша, Алматы қаласында 29 кеден қоймасы бар. Оның 16-сы ашық түрдегі қойма. Әрбір импорттаушы тауарларды таңбалау үшін олардың кез келгенін таңдай алады.

Бүгінде аяқ киімді таңбалау жүзеге асырылып жатқан кеден қоймаларының арасында — Damu logistics кеден қоймасы бар.

«Аяқ киімді таңбалау үшін арнайы бөлме бөлінген. Барлық қажетті жабдықтар бар. Импорттаушы таңбалау кодын өз күшімен қолдана алады немесе біздің қызметтерімізді пайдалана алады. Қызметтердің құны тауарлардың көлеміне байланысты», — деп атап өтті кеден қоймасының директоры Зоя Замащикова.

Бірыңғай оператор жобасының жетекшісі Мухаммедхайдар Сейіт аяқ киім өнімдеріне таңбалау кодтарын алу және қолдану механизмдерін түсіндірді. Оның деректері бойынша өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалауға байланысты орташа шығындар бір жұп аяқ киім құнының 0,1% -2,5% құрайды.

Өз кезегінде, отандық аяқ киім өндірушісі – «Казлегпром-Алматы» компаниясы таңбалаудың негізгі әсерлерінің ретінде отандық аяқ киім өндірісін қолдау мен дамытуды атады.

«1 қарашадан бастап біз аяқ киімді сандық кодпен белгілей бастадық. Бүгінде 3 мың таңбалау кодын алдық. Процесс  өнімдеріміздің құнына айтарлықтай әсер етпейді. Қажетті шығындарды ескере отырып, бір жұп аяқ киімге шамамен 10 теңге қосылады», — деп хабарлады компанияның қаржы директоры Дана Қаражанова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

32 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.