• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА «ҚЫЛУЕТ» РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

09.11.2021
0

 Бүгін Түркістанда «Қылует» рухани орталығының іргетасы қаланды. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, дін өкілдері, кәсіпкерлер мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов қатысып, жұртшылықты сауапты істің басталуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев игі бастаманың маңыздылығына тоқталды.


– Бүгін іргетасы қаланған орталық ашылған соң облысымыздың руханиятына оң серпін береді деп ойлаймын. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады. Арнайы есепшот жарияланып, оған кез келген адам үлес қоса алады. Менің ойымша, Түркістандағы мешітті салуда менің де кішкентай үлесім бар деген сезім азаматтарға жігер береді. Игі бастамаға қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысымыз мол – деді облыс әкімі.


Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Олардың арасында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев пен «Ныш — Ер» ЖШС-нің директоры Ерболат Төрежанов және өзге де азаматтар бар. Жобаны жүзеге асыру үшін «Хилует» қайырымдылық қоры ашылған. Жиында «BBR Yapi» ЖШС құрылтайшысы Йылмаз Бабур, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев сөз сөйледі. Жоба авторы Шоқан Матайбеков рухани орталықтың жобасымен таныстырды. Рухани орталық құрылысының басталу күні жазылған мемориалдық тастың жанындағы салтанатты жиында бас мүфти ақ батасын беріп, игі іске сәттілік тіледі.


0,86 гектар аумақта орналасқан рухани орталықтың көлемі – 2300 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталған. 2022 жылы ел игілігіне беріледі. Жерасты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе де 2022 жылы тапсырылады.
Бұл мешіттің тарихы тереңде жатыр. Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған «Қылует» мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген. Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. Қазіргі таңда мешіттің Түркістан қаласы үшін тарихи маңыздылығы ескеріле отырып, 500 адамға лайықталып, қайта салу жұмысы басталды. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтермек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.