Қазақстанда танымал туристік маршруттардың картасы бекітілді.
Картаға республикалық және облыстық деңгейдегі 68 туристік аумақ кіреді. Атап айтқанда
• Ақмола облысының Щучье-Боровск курорттық аймағы;
• Алакөл көлінің жағалауы;
• Ой-Қарағай Лесная Сказка тау курорты-қонақ үйі;
• Алматы облысының «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
• Балқаш көлінің жағалауы;
• Каспий теңізінің жағалауы;
• Түркістан қаласы;
• Атырау облысының лотос алқаптары;
• Айша бибі кесенесі;
• Маңғыстау облысының керуен жолдары.
Бұйрық 2021 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.