Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты «Орманшы» тұрғын алабында «Алатау» аллеясы салтанатты түрде ашылды. Бұған дейін Алатау көшесі маңында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағына тұрғындар үшін демалыс орнын салу жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталған.
Мердігер мекеме «Кен Тау» ЖШС жобалық құны 301,6 млн теңгені құрайтын нысан құрылысын жүргізген.
Бүгінгі таңда жалпы ауданы 4,48 га аумақта демалыс орны алаңдары, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары, спорт алаңдары құрылған. Сонымен қатар, әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.
Жергілікті тұрғындар қоқыс полигоны аумағының ретке келтіріліп, жасыл желекке айналғанына қуаныштарын жеткізіп, қала әкіміне алғысын білдірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков, Қаратау ауданының ардагерлері қатысты.