• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҮКІМЕТТЕ ҮШ ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ТАНЫСТЫРДЫ

15.10.2021
0

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру үшін қалыптастырылған ұлттық жобаларды ұсынды.

«ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің тапсырмасымен Ұлттық экономика министрлігі бағыты бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты 3 ұлттық жоба әзірленді», — деді Ерғалиев.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық дамуды, мұнай-газ-химия және энергетика кешенін, геология саласын дамытуды және шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді қамтиды. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге. Бұл ретте 402 млрд теңге республикалық бюджеттен, 15,5 трлн теңге жеке инвестиция арқылы.

Ұлттық жоба өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауары номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосуды көздейді. Бұдан басқа, осы ұлттық жоба шеңберінде сыртқы нарыққа 1000 белсенді экспорттаушыны шығару, сондай-ақ 350 экспорттаушыны «Alibaba» және «Amazon» тәрізді халықаралық маркетплейстерге шығару жоспарлануда. 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химиясы зауытын пайдалануға беру жоспарлануда.

Салынған индикаторларға сәйкес, ұлттық жоба 2025 жылға қарай экономикалық өсімді 5%-тен төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді. Өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісі 1,5 есеге артады. Шикізаттық емес экспорт 2025 жылы 41 млрд долларды құрап, 2 есеге ұлғаяды. Ал шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция 75%-ке артады. Экономикадағы еңбек өнімділігі 1,2 есе өседі.

Кәсіпкерлікті дамытуға келсек, бұл ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 8,5 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 трлн теңге, жергілікті бюджеттен 125 млрд теңге, жеке инвестициядан 7,3 трлн теңге көзделген.

Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, жоба шеңберінде ұлттық тауар өткізу желісін құру жоспарлануда. Бұл ретте 690 мың ШОБ субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. «Бастау Бизнес» шеңберінде жеке ісін бастаған кәсіпкер саны 2 есеге өсіп, оның ішінде 55 мың ауыл кәсіпкері нақты қолдау алмақ.

Базалық қызметтерге тең қол жеткізуді және елдің көліктік байланысын қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру болжанып отыр. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4 трлн теңге, жергілікті бюджеттен 786 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2,8 трлн теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық жоба арқылы тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тарту, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісін салу, екінші жолдарды салу және «Достық-Мойынты» учаскесін электрлендіру және «Түркістан-Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу есебінен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін 5 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су тарту қызметіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етіледі. 2025 жылдың соңына дейін даму әлеуеті бар 3 561 тірек және спутниктік ауыл жаңғыртылады. 103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар барлық жол жақсы жағдайға жеткізіледі. Ал жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 95%-ке жетеді. Автомобиль жолдарының сапасын арттыру 2025 жылға қарай транзиттік жүк ағыны көлемін 30 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Ұлттық жобаларды тиімді іске асыру тұрақты экономикалық өсімді 5%-тен төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ке арттыруға және бүкіл ел бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Әсет Ерғалиев.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.