Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.