Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болып 1979 жылы туған Рыскелді Салхутдинұлы Әліш тағайындалды.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2001 жылы бухгалтерлік есеп және аудит, экономист-бухгалтер мамандығы бойынша, 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде құқықтану, құқық бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Рыскелді Салхутдинұлы еңбек жолын 1996 жылы — Отырар жылу жүйесінің маманы болып бастаған.
— Ш. Қалдаяқов атындағы орта мектебінің есепшісі
— Отырар ауданы бойынша салық комитетінің аға салық
инспекторы
— Отырар ауданы бойынша салық комитетінің жетекші маманы
— Отырар ауданы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы
— ҚР ҚМ СК Оңтүстік салық комитетінің бөлім бастығы
— Түркістан қаласы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы
— Түркістан қаласы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы
— Отырар ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы
— Отырар ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары.
12.05.2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Отырар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.