ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы бұйрығымен Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Бұған дейін Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ақпараттық агенттіктің жаңа төрағасын ұжымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев таныстырды.
Вице-министр Елдос Наширалидің ақпарат саласындағы басшылық қызметтердегі үлкен тәжірибесін атап өтті.
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА
Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...










