Түрікстан облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Нұрмағанбет қажы Әжіметұлы өмірден озды.
Нұрмағанбет қажы Әжіметов 1927 жылы Түркістан облысы, Қазығұррт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Алматы зоотехника, мал-дәрігерлік институтын 1953 жылы бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы Ленин атындағы ауылдық кеңестің атқару комитетінің хатшысы болып бастаған. 1953-1958 жылдары Төлеби ауданында партия, шаруашылық қызметінде, 1958 — 1962 жылдары облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1962 — 1965 жылдары Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы партия комитетінде қызмет істеді. 1965 — 1969 жылдары Ленин және Леңгір аудандарының ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау басқармасының бастығы болды. 1969-1985 жылдары Түлкібас ауданы атқару комитетінің төрағасы. 1969-1985 жылдары Түлкібас ауданы атқару комитетінің төрағасы. 1975-1979 жылдары Алғабас, 1979-1985 жылдары Келес ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, 1985-1989 жылдары облыстық кәсіподақ кеңесінің бөлім меңгерушісі болды.
Нұрмағанбет қажы Әжіметов 1964 жылы КОКП Ақпан пленумының делегаты. Бүкілодақтық колхозшылар съезінің делегаты. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамтоларымен, «Тың игерудің 60 жылдығы», «Қазақстан Республикасына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Қоғам қайраткері Нұрмағанбет қажы Әжіметовтың қайтыс болуына байланысты туған туыстары мен ағайындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.