Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»100 есім»Экобазар: бағаны тұрақтандыруға басымдық берілмек
    100 есім

    Экобазар: бағаны тұрақтандыруға басымдық берілмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.09.2021Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     «Барлығымызға белгілі, бүгінде диқандар өз өнімдерін «екінші, үшінші қолдар» арқылы тым арзан бағамен саудалауда, ал арадағы алыпсатарлар өзара келісіп алып азық-түлік бағасын қалағандарынша көтеріп жатады. Бағаны тұрақтандыру үшін өндірілген өнімді өндірушінің халыққа тікелей ұсынуына қолайлы жағдай жасау қажет. Сол себептен де, Түркістан қаласында экобазардың іске қосылуын бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп айтуға болады»-, дейді орталық директоры Бақнұр Аюбек. Осындай әділетсіздіктерге жол бермеудің түрлі жолдарын қарастыра бастаған жергілікті билік Түркістан қаласынан заманауи сауда орталығын ашуды жөн көріп отыр.

    Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді диқандар ешқандай делдалдарсыз-ақ өз өнімдерін тікелей базарға әкеліп сатуға, өтпей қалған жағдайда салқындатылған қоймаларда ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндіктері бар. «Экобазар – дәстүрлі ауыл шаруашылығы нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болады. Көлемі 14 гектар жерге орналасқан  базарда үш мыңға жуық сауда орны, оның ішінде: 900 орын азық-түлікке, 1500 орын  киім-кешекке, 500 орын тұрмыстық тұтыну тауарларына арналған. Сондай-ақ, жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалмақ. Жалпы, жаңа нысанның құрылыс алаңы бес гектардай жерді қамтиды» делінген ресми хабарламада.

    Бұл базардың басқа сауда орталықтарынан айырмашылығы жайлы айтар болсақ, мұнда тауарлар арзан бағада сатылады. Тұтынушылар үшін автотұрақ, көлік жуу орны сияқты қызмет түрлерінен бөлек, кіші саябақ, демалыс орындары да жасалмақ. Орталық маңында шет қалаларға баруға автотранспорттар қарастырылғандықтан, бұл туристер үшін де өте қолайлы болмақ. Адамдардың қауіпсіздігі үшін кәсіби күзет қызметкерлері жұмыс істеп, үш жүзден астам бейнебақылау камераларын іске қосу көзделген. Ал, қазіргі таңда пандемияға байланысты тепловизорлық камералар орнатылып, барлық санитарлық нормалар сақталады. Сондай-ақ, мұнда электронды және ақылды қоларбалар жұмыс істейтін болады. Тағы бір ерекшелігі, сауда кешені жаңа автовокзал маңында орналасқандықтан, жолаушылар өз еліміздегі қалалардан бөлек, көрші мемлекеттердегі Ташкент, Самарканд, Бішкек, Хиуа, тағы басқа да ірі қалаларға оңай жетіп алуына мүмкіндік қарастырылған. Экобазарда B2,B3 дәрежедегі банктер жұмыс істейтінін де айта кетейік. Сонымен бірге, халықаралық ақша айырбастау бекеттері жұмыс істегендіктен, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Қытай валюталарын оңай айырбастауға болады. Теміржол вокзалы, әуежай сауда орталығына жақын орналасқандықтан, тауарларды тасымалдау да аса қиындық тудырмайды. Мұнда тауарларды жүктеуге арналған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, отандық өнім өндіруші кәсіпкерлерге тауарын экспортқа шығаруға да барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

    Базарда сауда орындарынан бөлек, тоңазытқыш орнатылған 200 қойма орны бар. «Соның арқасында күзде жинаған өнімді келесі маусымға дейін халыққа арзан бағамен сатуға мүмкіндік туады» дейді базар басшысы Бақнұр Ерболатұлы.

    Тұтынушыларға тиімді бағада азық-түлік ұсынуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілетінін де айта кетейік.

    Базар әкімшілігінің хабарлауынша, мұнда сатушылар мен тауар өндірушілер, туристер мен инвесторлар бір-бірімен тығыз байланыс орнату үшін арнайы кеңсе ашылып, онда заңгерлер, аудиторлар, мамандар, кәсіпкерлер жұмыс істейді. Кеңседе әлемдік нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, тауар өндірушілерге, тауарды сатып алушыларға, соның ішінде шетелдік сатып алушыларға тиісті консультациялар беріледі және шетелдерге тауарларды экспорттау,  өнімдерді жеткізу мәселелері бойынша келісімшартқа отыру сынды процедуралар жүргізіледі. Сонымен қоса, туристер де өздерін қызықтыратын мәселелері бойынша тиісті  ақпараттар ала алады.

    Базар басшыларының айтуынша, мұнда барлық санитарлық талаптар сақталған. Атшаптырым алаңшасы мен арнайы автотұрағы болғандықтан, көліктердің кіріп-шығуына да ешқандай кедергі жоқ. Ең бастысы, экобазар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ.

    Дереккөз: https://okg.kz/

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.